Редакция таңдауы

Шымкент елдегі ірі мәдени орталықтардың біріне айналды

Шымкент қаласында мәдениет саласы бойынша бірқатар мекемелер халыққа тұрақты қызмет көрсетіп келеді.

Қалада 6 кітапхана жүйесі (37 филиал) жұмыс істейді. 2025 жылы 297 894 оқырман тіркеліп, 1 857 көпшілік іс-шара ұйымдастырылды. Кітап қоры 21 943 дана жаңа кітаппен толықтырылып, жалпы қор 1 846 216 данаға жетті, оның 636 458-і қазақ тілінде. Жыл ішінде кітапханаларға 1 957 904 адам келіп, 4 066 994 дана кітап берілді. Сонымен қатар 10 875 дана жаңа кітап сатып алынды, оның 8 005-і қазақ тіліндегі басылымдар.

Қалада 7 театр жұмыс істейді. 2025 жылы театрларда 48 жаңа спектакль сахналанып, барлығы 1 212 қойылым көрерменге ұсынылды. Қойылымдарды 236 648 көрермен тамашалады, оның 124 137-сі ақылы, 112 511-і тегін көрсетілімдер. Драма, тарихи-драма, комедия, опера және балаларға арналған бағыттар бойынша 33 премьера жоспарланды.

2025 жылы «Шымкент-цирк» алаңында 4 премьера ұсынылып, 68 қойылым өтті. Цирк бағдарламаларын 57 703 көрермен тамашалады. Қала тұрғындары мен қонақтарына акробаттар, гимнасттар, шабандоздар, арқанмен жүрушілер, сайқымазақтар мен жонглерлер өнер көрсетті.

Түркістан және Қызғалдақ сарайларында 160 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, 163 886 көрермен қамтылды. Бұдан бөлек, көрме орталығында 92 шара өткізіліп, 108 700 адам қатысты.

Қалалық музейлер жүйесінде 31 913 экспонат сақталған, оның 26 920-сы электронды форматқа енгізілген. 2025 жылы музейлерде 61 көрме, 1 912 экскурсия, 39 көпшілік іс-шара ұйымдастырылып, 49 244 адам қамтылды. Қор 333 жаңа экспонатпен толықтырылды.
Атқарылған жұмыстар қала тұрғындарының мәдени өмірін жандандырып, рухани кеңістіктің дамуына серпін беріп отыр.

«Шымкент келбеті»

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win