Редакция таңдауы

Шымкент электр қуаты тапшылығын көрмейді

Бүгінде Шымкент қаласындағы барлық 81 елді мекен электр қуатымен толық қамтылған. 2025 жылы 7 елді мекенде электр желілерініңжәне электр қуатын арттыратын үш қосалқы станция салу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде Ақжар (110 кВ) қосалқы станциясындағы жұмыс аяқталды, ал, Бадам (110 кВ) және Тұран қосалқы станциялары іске қосылуға жақын.

Жаңа құрылыс аумақтары Қызылжар-2, Ақжайық, Азат, Құрсай және Тұран елді мекендерін электр желілеріне қосу жұмыстары аяқталу сатысында. Бұл арқылы 13 мыңға жуық тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылады.

Сондай-ақ құны 7,6 млрд теңгені құрайтын Ақжар 110 кВ қосалқы станциясының құрылысы толық аяқталып, қабылдау жұмыстары жүріп жатыр. Аталған нысан Құрсай, Қазығұрт, Ақжар, Ақтас, Айкөл елді мекендері мен индустриялық аймақтарды электр қуатымен қамтамасыз етеді.

Қаланың өсуіне байланысты алдағы жылдары Қызылсу, Тұран, Шымсити, Жұлдыз, ТЛЦ-2, Ынтымақ және Бозарық-2 аумақтарында жаңа қосалқы станциялар салу жоспарланып отыр.

«Шымкент келбеті»

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win