Редакция таңдауы

ШЫМКЕНТ – ИНВЕСТОРЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ҚАЛА

Қазіргі Қазақстанның экономикалық дамуында инвестиция тарту мен өнеркәсіпті дамыту басты басымдыққа айналып отыр. Бұл стратегиялық бағыт Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында ерекше атап өтілді. Мемлекет басшысы еліміздің индустриялық әлеуетін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін шетелдік және отандық инвестициялардың маңыздылығын ерекше атап көрсетті. Президент айтқандай, «Еліміздің экономикалық тәуелсіздігін нығайту және тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін өңдеу өнеркәсібін дамыту – негізгі міндет».


​Дәл осы мақсатты жүзеге асыру үшін Шымкент қаласы да белсенді жұмыс жүргізуде. Қала экономикасына 2025 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша 425,4 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 25,9 пайызға артып, қаланың инвестициялық тартымдылығы жоғары екенін дәлелдейді. 2025-2030 жылдар аралығында қала аумағында жүзеге асырылатын құны 4,9 триллион теңге болатын 212 жобаның пулы жасақталған. Бұған сәйкес, 26 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Оған қоса биыл кәсіпкерлікті қолдауға 20 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде республикалық бюджет – 15,3 миллиард теңге, жергілікті қазынадан – 4,7 миллиард теңге қаралып отыр.


Осы орайда, Шымкент қаласының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Біржан ӘЗІМБЕРДИЕВПЕН сұхбаттасып, Президент Жолдауында белгіленген міндеттердің қалада қалай іске асырылып жатқаны туралы әңгімелескен едік.

​– Біржан Қанатұлы, жыл басынан бері қалаға инвестиция тартуда қандай жұмыстар атқарылды?

​– Шымкент – бизнес жүргізуге, инвестиция тартуға бірден-бір қолайлы өңір. Біздің өңірде жергілікті ғана емес, сонымен қатар, шетелдік инвесторлар да ірі жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Қазіргі таңда 2025-2030 жылдар аралығында қала аумағында жүзеге асырылатын ірі жобалардың пулы жасақталып отыр. Атап айтқанда, түркиялық AKSA ENERJI ÜRETIM A.Ş компаниясының бу-газ қондырғысының құрылысы жобасы, польшалық инвестордың Fabe-Agro ЖШС-нің заманауи жылыжай кешенінің құрылысы, отандық INTERTRANS C.A. ЖШС-нің алкилат және полипропилен өндіретін зауытының құрылысы, «Қазақ инновациялық университеті» ЖШС-нің көпсалалы заманауи ауруханасының құрылысы жобасы, түркиялық Alsera KZ ЖШС-нің заманауи жылыжай кешенінің құрылысы жобасы бар. Сонымен бірге, қытайлық инвестордың Shaanxi Construction Kazakhstan Co., Ltd. ЖШС-нің қоқыс өңдеу кешені, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің қолданыстағы зауытын жаңғырту жобасы да әлеуетті жобалардың бірі.

​2025-2030 жылдары өңдеу өнеркәсібі салаларында 3,6 триллион теңгеге 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны бар 143 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Аталған жобалардың 22-сі биыл іске қосылуы күтілуде. Бүгінгі таңда 6 инвестициялық жоба іске асырылды. Олар – Sauran Bricks ЖШС-нің автоклавты газбетон өндіру зауыты, QazAlPack ЖШС-нің алюминий қаптамасын (ыдысын) шығаратын өндірісін жаңғырту, ZeineP ЖШС-нің бір реттік медициналық төсек-орын жабдықтары мен бұйымдарын өндіру, BIK Kanc ЖШС-нің А4, А3 форматтағы қағаз өндірісі, RaiMar ЖШС-нің құрылыс материалдарының өндірісі, Cleans Fabric ЖШС-нің ылғал майлықтар өндірісі. Қаланың өндірістік әлеуетін арттыру мақсатында қолданыстағы 1276 гектар аумақтағы 5 өндірістік алаңға («Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы, «Оңтүстік» индустриялық аймағы, «Тассай» индустриялық аймағы, «Сауда-логистикалық орталығы» индустриялық аймағы, «Ордабасы» жекеше индустриялық аймағы) қосымша 438 гектар аумақта «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриялық аймақтары қосылып, қалада жалпы 7 өндірістік алаң жұмыс істеуде. Одан бөлек, 1660 гектар аумақта Standard жекеше және «Темір» индустриялық аймақтарын құру, сонымен қатар, қолданыстағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағын 100 гектарға, «Сауда-логистикалық орталығы» индустриялық аймағын 136 гектарға, «Жұлдыз» индустриялық аймағын 155 гектарға қосымша кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

​Сонымен қатар, инвесторлар мен кәсіпкерлерді қолдау және сүйемелдеу мақсатында Shymkent Invest – Front Office қызметі 2025 жылдан бастап қайта жанданып, «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет атқарып жатыр. Фронт-офистің негізгі міндеттері – қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша аналитикалық зерттеулер жүргізу, В2В, G2B кездесулерін ұйымдастыру, қаланың қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілету, оның ішінде инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпарат беру, инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды сүйемелдеу.

​– Соңғы жылдары өңдеу өнеркәсібінің көлемі артып келеді. Осы бағыттағы жұмыстарға тоқталып өтсеңіз.

​– Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында белсенді жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны 798 бірлікті (18 – ірі, 43 – орта және 737 – шағын кәсіпорындар) құрайды, оның ішінде 696-сы өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейді (14 – ірі, 38 – орта және 644 – шағын кәсіпорындар). Қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 2025 жылдың қаңтар-шілде айларында 812,6 миллиард теңгенің өнімін өндіріп, өнім көлемі 15,8 пайызға артты.

​Өнеркәсіп саласында үлесі ауқымды өңдеу өнеркәсібінде 724,2 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өндіріс индексі 117,6 пайызды құрады. Өсім республикалық көрсеткіштен (РК – 106,1 пайыз) жоғары қалыптасып, өңірлер арасында 3-орында келеміз. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі салалары – химия өнеркәсібінде, машина жасау, сусындар өндірісі, тамақ өнімдерін өндіру, мұнай өнімдерін қайта өңдеу, металлургияда өсу динамикасы байқалады.

​Жалпы аумағы 1276 гектар болатын 7 өнеркәсіптік аймақта бүгінгі таңда 685,9 миллиард теңге сомасына 446 жоба іске асырылуда. «ОҢТҮСТІК» индустриялық аймағында 96 жоба жүзеге асуда. 2025 жылы 112 жаңа жұмыс орнын құрумен 30 миллиард теңгеге 1 инвестициялық жоба іске қосылды.

​Жаңадан дамып келе жатқан «ЖҰЛДЫЗ» индустриялық аймағының жалпы аумағы 306 гектар. Онда 4800 жаңа жұмыс орнымен 69 жоба іске асырылуда. 2025 жылы 238 жаңа жұмыс орнын қамтитын 7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде, 100 жаңа жұмыс орнын құрумен 1 инвестициялық жоба іске қосылды. Атап айтқанда, Sauran Bricks ЖШС-нің автоклавты газды бетон өндірісінде 100 жұмыс орны құрылды. «БОЗАРЫҚ» агро-индустриялық аймағының жалпы аумағы – 132 гектар. Аймақта 19 жобаны орналастыру жоспарланған, оның ішінде 50 жұмыс орнымен 1 жоба іске қосылды. Қала аумағында 1660 гектар аумақта қосымша 5 жаңа өндірістік алаңдарды құру жұмыстары жүргізілуде.

​– Шағын және орта бизнестің дамуы бойынша қандай оң нәтижелер бар?

​– Рас айтасыз, Шымкент қаласында шағын және орта бизнестің әлеуеті өте зор. 2025 жылғы қаңтар-шілде айларында қалада жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 140,8 мыңға (заңды тұлғалар – 22 мың бірлік, дара кәсіпкерлер – 113,3 мың бірлік, шаруа қожалықтары – 5,5 мың бірлік) жетті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 6,5 пайызға артты. 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 244,8 мың адамға ұлғайып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,3 пайызға өскен.

​Ал өндірілген өнім көлемі 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында 865,5 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,9 пайызға артқан. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 57,5 пайызға жетті.

​Сонымен қатар, Шымкент қаласында шағын өнеркәсіп аймақтарының құрылысы жүргізілуде. Жалпы аумағы 76,1 мың шаршы метр болатын 3 жоба іске асырылуда. Олар – Orda NS Building ЖШС, Standard Steel KZ ЖШС және «Энерготранс-3» ЖШС.

​Шағын өнеркәсіптік аймақтардың іске асырылуының нәтижесінде 150-ден астам шағын кәсіпорын ашылып, 500 адам жұмыспен қамтылады және бюджетке 1 миллиард теңге салық түсімдері күтілуде. 2025 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша қаланың бөлшек сауда көлемі 652,4 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 115,1 пайызды құрады.

​Жыл соңына дейін бөлшек сауда көлемін 1 триллион 194,3 миллиард теңгеге жеткізу жоспарда тұр. Аталған көрсеткішке жаңадан ашылатын 8 сауда ойын-сауық орталығының және 11 сауда үйінің құрылысы, 10 жаңа сауда нүктесі (GraMad гипермаркеті) және базарларды жаңғырту жүргізу есебінен қол жеткізіледі. Көтерме сауданың көлемі 1 триллион 151 миллиард теңгеге жетті. 2025 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша қаланың жалпы сауда көлемі 1 триллион 807,7 миллиард теңгені құрады. Жыл соңына дейін жалпы сауда көлемін 3 триллион 207,1 миллиард теңгеге жеткізу жоспарда.

 

​– Кәсіпкерлікті қолдау, кәсіпкерлердің құқығын қорғаудағы нақты жұмыстарды атап өтсеңіз. Қандай мәселелер бар?

​– Әрине, бұл бағытта да тиімді жұмыстар бар. Жыл басынан бері Шымкент қаласы прокуратурасы тарапынан 22 өзекті мәселе шешімін тауып, 135 инвестордың құқықтары қорғалды. Қала прокуратурасы, Кәсіпкерлер палатасы және басқарма бірлесе отырып, ұтымды шешімдер қабылдап, тиісті жұмыстар жүргізуде. Кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ белсенді жұмыс атқарады. Бұл бағыттағы жұмыс жоспарлары мен бірқатар мәселелер дөңгелек үстел барысында талқыға салынуда.

​Жалпы шаһарда кәсіпкерлерді қолдау – әрдайым басты назарда. Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін мемлекет тарапынан әртүрлі преференциялар көрсетілуде. Инвестициялық жобаларға мониторингті цифрландыру мақсатында өткен жылы ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылған болатын. Ол инвесторлармен алғашқы келіссөздерді басқаруға мүмкіндік береді. Бізде инвест платформа 2024 жылдан бері жұмыс істейді. Инвесторларға үш рет семинар өткіздік. Жоба бойынша инвесторлар мәліметтерді өздерінің жеке электронды цифрлық қолданбасы арқылы енгізіп отырады. Алайда, инвестормен тікелей жұмыс жасаған кезде мәліметтерді жаңарту, ақпараттарды енгізуде бірқатар қиындықтар туындап жатады. Өз мерзімінде уақытылы енгізбейді. Сол себепті платформада мәліметтер кешігіп шығады. Ендігі кезекте кемшіліктердің алдын алып, мәселені реттеуге күш салып жатырмыз. Әр инвестормен жеке-жеке жұмыс істейміз.

Сондай-ақ, өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамалық шешімі бойынша инвесторларға индустриалды аймақтарда жер учаскелерін беруде созбалаңға салыну мәселелері де болды. Қазір біз оны жүйеледік. Басқарма жанынан фронт-офис ашылды. Барлық индустриалды аймақтарда жерді рәсімдеу бойынша қолдау көрсетілуде. Қазіргі жұмыстар толықтай жүйеленді. Жер телімдерін рәсімдеу мерзімін 30-45 күнге қысқарттық. Біз жалпы әділетті, заңды кәсіпкерлікке айналатын жобаларға қолдау көрсетеміз. Бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі де жалғастырамыз.

​– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан
Тағабай ҚАСЫМОВ

Соңғы жаңалықтар

// DEBUG: Processing site: https://shymkala.kz // DEBUG: Panos response HTTP code: 503 // DEBUG: Failed to fetch from Panos endpoint (HTTP: 503) betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win