Редакция таңдауы

ШЫМКЕНТ МЕДИЦИНАСЫ ДАМУЫНЫҢ ДӘЛЕЛІ – ХАЛЫҚ РИЗАШЫЛЫҒЫ

Шымкент – еліміздегі медициналық қызмет сапасы қарқынды дамып келе жатқан мегаполис. Соңғы жылдары қаланың денсаулық сақтау жүйесі жаңа емханалармен толықты, заманауи диагностикалық жабдықтар әкелінді, ал МӘМС жүйесі арқылы күрделі ем-домдардың қолжетімділігі айтарлықтай артты. 

Бұл өзгерістерді, ең алдымен,күнделікті емделушілер сезініп отыр. Соның бірі – қала тұрғыны, 30 жылдан астам еңбек өтілі бар зейнеткер-дәрігердің шынайы алғысы. Медицина саласында қаншама жылдар еңбек еткен зейнеткер, қала тұрғыны
Бақыт Шаменов №1 қалалық емханаға тіркелген. Осы жерден тұрақты көмек алып келеді. Дәрігер ретінде талай жыл еңбек еткен зейнеткер қазіргі медицина қызметкерлерінің жауапкершілігі мен ықыласына риза екенін айтады.

Зейнеткер алғаш алғысын емхананың бас дәрігері Маханбет Бейсеуовке арнайды. Таңғы сегізден бастап тұрғындарды фойеде өзі қарсы алатынын, мәселелерді сол мезетте шешіп, үлкенді сыйлап, жылы жүзбен сөйлесетінін ерекше атап өтті. Бұл – медициналық ұйымдардың халыққа ашықтық принципіне бет бұрғанының нақты көрінісі. Сонымен бірге ол терапия бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Ботбаеваның кәсібилігін, уақытылы кеңес беріп, қажетті тексерулерге жолдама жасап, әр науқасқа жанашырылықпен қарайтынын айрықша бағалайды. Учаскелік дәрігерлер мен күндізгі стационар дәрігерлері, медбикелері де өз ісіне адал жандар ретінде аталады.

Зейнеткердің сөзіне сүйенсек, шымкенттік медицина қызметкерлерінің арқасында ол гоноартроздан бастап, жүрек-қан тамырлары, неврология бағытында да нәтижелі ем алған. Әсіресе, оның есінде 2020 жылғы пандемия кезіндегі жанкешті дәрігерлердің ерлігі қалған. Сонымен қатар қалалық диагностикалық орталықтың гастроэнтерологы, медицина ғылымдарының кандидаты Күлән
Қамытбекованың диагнозды нақты қойып, тиімді ем жүргізуі де зейнеткердің сауығуына үлкен үлес қосқан.

«Ақ халатты абзал жандардың еңбегін ел білуге тиіс. МӘМС жүйесінің арқасында көрсетілетін қызметтің сапасы артты, емнің қолжетімділігі кеңейді. Шымкент медицинасындағы жаңаруларды қарапайым халық өз денсаулығынан сезініп отыр», – деп жазады зейнеткер өз хатында.

Бұл алғыс хат – бір адамның ризашылығы ғана емес, бүгінгі Шымкенттегі денсаулық сақтау жүйесінің деңгейін көрсететін шынайы халық бағасы. Жүйелі жұмыс, білікті кадрлар, заманауи жабдықтар және ашық қызмет көрсету – мегаполис медицинасының басты жетістігі. Халықтың разылығы – атқарылған жұмыстың ең әділ көрсеткіші.

 

Салтанат ЖАМАЛДИНОВА

 

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win