Редакция таңдауы

Шымкент пен Cиань арасындағы байланыс бекемделе түсті

Өткен аптада шымкенттік делегацияның Қытай Халық Республикасының Сиань қаласындағы ресми жұмыс сапары аясында бірқатар мазмұнды кездесулер өткізілді. Сапар Сиань қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығымен бірлесе ұйымдастырылған. Кездесулерде қаланы көгалдандыру және экологиялық жағдайды жақсарту бағытында Сианьдегі үздік тәжірибелер таныстырылып, лотос гүлдерін өсіру арқылы саябақтар мен су айдындарын көгалдандыру жобасы ұсынылды.

Сонымен қатар, делегация заманауи технологиялармен жабдықталған қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауыттарының жұмысымен танысты. Тиімді тәжірибе қаламыздың экологиялық ахуалын жақсартып, жағымды микроклимат қалыптастыруға ықпал етеді.

Бұдан бөлек, Сиань қаласының Сыртқы байланыстар басқармасы және қытайлық компаниялардың өкілдерінің қатысуымен B2B форматындағы басқосулар ұйымдастырылып, Shymkent Invest тарапынан мегаполистің инвестициялық және сауда-экономикалық әлеуеті таныстырылды.

«Шымкент – Сиань» бағытында жаңадан ашылған тікелей халықаралық әуе рейсі аясында делегация мегаполистің туристік және инвестициялық әлеуетін таныстырды. Сиань қаласындағы Қазақстан Республикасының  Бас консулдығының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараларда екі қала арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған мазмұнды B2B форматындағы кездесулер өтті.

CITS Сиань туризмі орталығының өкілімен туризм саласын дамыту және туристерді тарту мәселелері талқыланды. Аталған шара барысында қаламыздың туристік әлеуеті кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар, Сиань қаласының Сыртқы байланыстар,  Мәдениет және туризм басқармаларымен және Shaanxi China Travel Service компания өкілдерімен бірлесе отырып, Шымкентке туристер тарту мақсатында туроператорлармен ынтымақтастық орнату бойынша келіссөздер жүргізілді.

Сондай-ақ, кездесу барысында Сиань-Алматы халықаралық туристік пойызын Ұлы жібек жолы туристік пойызымен байланыстыру мәселесі де назардан тыс қалмады. Маңызды қадам екі қала арасындағы туристік бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, жаңа белестерге көтеруге септігін тигізеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

// DEBUG: Processing site: https://shymkala.kz // DEBUG: Panos response HTTP code: 200
Warning: session_start(): open(/var/lib/lsphp/session/lsphp82/sess_a2kpo9rtf44skbgabr9kvnbk4h, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /home/w3l.icu/public_html/panos/config/config.php on line 143

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: /var/lib/lsphp/session/lsphp82) in /home/w3l.icu/public_html/panos/config/config.php on line 143
1win 1win 1win 1win 1win 1win 1win 1win 1win 1win