Редакция таңдауы

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Айдын Мейрамбекұлы Кәрімов тағайындалды.

Айдын Мейрамбекұлы 1988 жылғы 1 қаңтарда   Семей қаласында туылған, қазақ, білімі жоғары. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін,  Қазақ қаржы-экономикалық академиясын және ҚазГЗУ-ді бітірген, мамандығы бойынша
біліктілігі – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, қаржы, халықаралық құқық.

Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан Республикасы     Төтенше жағдайлар министрлігінің «Есеп техникасы, телекоммуникация, информатика және жағдайлық талдау орталығы» желілік техника қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

2007-2016 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамында, Астана қаласы әкімі аппаратының бөлім басшысы, Семей қаласы әкімінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрлігінде бас сарапшы, Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде басқарма басшысы, Халықаралық экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.

2016-2017 жылдары Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің Кеңсесі Сыртқы байланыстар және протокол бөлімінің меңгерушісі-Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі протоколының бастығы лауазымында еңбек еткен.

2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары болды.

2022-2023 жылдары Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

2023 жылғы қыркүйек айынан бастап осы күнге дейін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды.

Осыған дейін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болған Қуаныш Жұмабекұлы Асылов  басқа қызметке ауысуына байланысты босатылды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win