Редакция таңдауы

Шымкентте 18 инвестициялық жоба іске асырылды

Шымкент қаласында жыл басынан бері кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласын дамыту бағытында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылды. Бұл туралы Шымкент қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мәлімдеді.

Басқарманың дерегінше, 2025 жылы 18 инвестициялық жоба іске асырылған. Аталған жобалар аясында 1 450 жаңа жұмыс орны құрылып, қала тұрғындарының жұмыспен қамтылуына оң әсерін тигізді. Инвестициялық жобалар негізінен машина жасау, құрылыс материалдары өндірісі, жеңіл өнеркәсіп және тамақ өнеркәсібі салаларын қамтыған. Сонымен қатар, қала аумағындағы индустриалды аймақтарда 7 жаңа өндіріс орны пайдалануға беріліп, өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға ықпал етті.

Кәсіпкерлерді қолдау бағытында мемлекеттік бағдарламалар аясында да ауқымды жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде 620 жобаға қаржылай қолдау көрсетіліп, субсидиялау, кепілдендіру және грант беру тетіктері іске асырылды. Жастар кәсіпкерлігін дамытуға да ерекше көңіл бөлінген. Бұл бағытта 420 жас кәсіпкерге кеңес беріліп, олардың 85 жобасы гранттық қаржыландыруға ие болды. Бұдан бөлек, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында оқыту семинарлары мен бизнес-форумдар ұйымдастырылып, кәсіпкер әйелдердің біліктілігін арттыруға жағдай жасалды. Сондай-ақ кәсіпкерлерге сервистік қызмет көрсету аясында 15 мыңнан астам кеңес беріліп, бизнес жүргізу барысында туындайтын өзекті мәселелер бойынша әдістемелік және практикалық қолдау көрсетілді.

Жалпы атқарылған жұмыстар Шымкент қаласында қолайлы кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруға, инвестициялық тартымдылықты арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.

Әсел АБСАТТАР
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің
«Журналистика» мамандығының 3-курс студенті

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win