Редакция таңдауы

Шымкентте 54 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларына тартылды

Шымкент қаласында 2025 жылы халықты жұмыспен қамту бағытындағы жоспар артығымен орындалды. Жыл басында 49 655 адамды қамту көзделсе, нақтысында 54 976 адам түрлі жұмыспен қамту шараларына қатысып, жоспар 110,7 пайызға орындалды.

Оның ішінде жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысуы тиіс 27 825 адамның орнына 25 147 адам жолданды. Ал, қалада іске асырылып жатқан концепциялар, даму бағдарламалары және азаматтардың жеке бастамалары есебінен жаңа жұмыс орындарына 21 830 адамды орналастыру жоспарланып, нақты 29 829 адам еңбекпен қамтылды.

Жеке бағыттар бойынша алғанда, 3 257 адам кәсіпкерлікті қолдау шараларына тартылды, 5 388 адам субсидияланатын жұмыс орындарына, 11 933 адам бос жұмыс орындарына жолданып, 4 569 адам кәсіптік оқытуға қатысты. Осылайша, жұмыспен қамту шаралары арқылы нақты 25 147 адам еңбек нарығына кірігіп, жоспар 90,4 пайызға орындалды.

Сонымен қатар Шымкенттің 2021–2025 жылдарға арналған даму жоспары, салалық концепциялар және тұрғындардың жеке бастамалары аясында 21 812 жаңа жұмыс орны құру көзделген. Оның ішінде концепциялар бойынша 2 610 орын жоспарланып, 3 348 жұмыс орны ашылды. Ал, жеке бастама арқылы құрылуы тиіс 19 202 жұмыс орнының орнына 26 481 адам еңбекке тартылды. Бұл көрсеткіш жеке сектордың қала экономикасындағы белсенділігін айқын көрсетіп отыр.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Шымкентте жұмыссыыздық деңгейі төмендеп, тұрғындардың жұмысқа орналасу мүмкіндігі кеңейе түсті.

«Шымкент келбеті»

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win