Жыл өткен сайын халық саны көбейіп, демографиялық өсімі жоғары мегаполистердің бірі ретінде Шымкентте әлеуметтік нысандарға деген сұраныс та артып отыр. Осы тұрғыдан алғанда қаланың әлеуметтік экономикалық даму жоспарында бірінші кезекте тұрғындаға аса қажетті білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысын жүргізуге басымдық берілуде.
Қалалық құрылыс басқармасының мәліметінше былтыр Шымкентте 11 жаңа мектептің, атап айтқанда №19, №16, №50, №121, №82, №122, №66 мектептерге қосымша ғимараттар салынған. Тельман шағын ауданында 1200 орынды мектеп, Тұран шағын ауданында 500 орынды 2 оқушылар сарайының құрлысы жүргізілді. С.Рахимов атындағы мектеп, Сайрам колледжіне жатақхана салу да өткен жылдың еншісіне бұйырды. Нәтижесінде осы аталғандардың ішінде 4 нысан (Тұран ш.а. 2 оқушылар сарайы-500 орын, С.Рахимов атындағы мектеп, Тельмандағы 1200 орынды мектеп, №50 мектепке қосымша корпус) пайдалануға беріліп, ел игілігін көре бастады.
Әлеуметтік маңызы жоғары мұндай нысандардың құрылысы биыл да жалғасады. Құрылыс басқармасының маманадары жоғарыда айтылған нысанардың ішінде 7 нысанның құрылысы биыл да жалғасатынын айтады.
Сонымен қатар былтыр 11 білім беру мекемесі (№10, №26, №13, №9, №99, №75, №108, №1, №109 мектептер, №97 «Ақмарал» балабақшасы, №19 мектептің жылу жүйесі) күрделі жөндеуден өткізілді. Ал, биыл 7 мектеп күрделі жөндеуден өтеді.АТап айтқанда олардың қатарында көптен бері жөнде көрмеген Шымкент қаласындағы ұлдарға арналған №1 оқу-инновациялық лицей-интернат ғимараты, Хамза атындағы №42 жалпы орта білім беретін мектебі, Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы «№106 «Қайнарбұлақ» жалпы білім беретін орта мектебінің ғимараты бар. Дәл осындай күрделі жөндеу Қаратөбе елді мекеніндегі Мұхтар Әуезов атындағы №96 жалпы орта мектебінің ғимаратына да жүргізілмек.
Күрделі жөндеуді күткен Шымкент қаласы, 18 шағын ауданындағы А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі, Тұрлан шағын ауданы, Галицин көшесі 15,15 А ғимарат мекенжайындағы №122 «Ақ көгершін» бөбекжай бақшасы ғимараты, Теріскей шағын ауданындағы №46 мектеп-лицей ғимараты да бар. Барлығы да биыл толық жөндеуден өткізіледі деп жоспарлануда.
Бұл орайда спорт және мәдениет нысандары да назардан тыс қалмайтынын айта кеткен орынды. Былтыр №15 спорт мектебінің құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға тапсырылған. Дәл осындай жөндеу жұмысы мәдениет саласында, атап айтқанда Бәйдібек би №115/1 мекенжайындағы ғимарат та пайдалануға берілді.
Еске сала кету керек, 2024 жылы Шымкентте 4 мәдениет нысанының (Өтеміс мәдениет үйін қайта жаңарту, Бозарыққақпа мәдениет үйін қайта жаңарту, Көкбұлақ мәдениет үйін қайта жаңарту, Қайнарбұлақ мәдениет үйін қайта жаңарту) құрылысы жүргізіліп, пайдалануға тапсырылған-ды.
