Редакция таңдауы

Шымкентте ауыл шаруашылығы жаңа индустриялық деңгейге көтеріліп келеді

Қалалық экономикада ауыл шаруашылығы көбіне екінші қатарда қалып қоятын сала ретінде қабылданады. Алайда мегаполистер үшін бұл бағыттың маңызы жыл өткен сайын артып келеді: азық-түлік қауіпсіздігі, бағаның тұрақтылығы және өңірлік өніммен қамту – тікелей осы саланың дамуымен байланысты. Шымкентте ауыл шаруашылығын өнеркәсіптік форматта дамытуға бетбұрыс жасалуы осы қажеттіліктен туындап отыр.

Қала тұрғындарын жергілікті өніммен тұрақты қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайту мақсатында түркиялық Alsera KZ компаниясымен ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Құны 322 млрд теңгені құрайтын жоба аясында 650 гектар аумақта еліміздегі ең ірі заманауи жылыжай кешені салынуда.

Қазіргі таңда жылыжай кешенінің бірінші кезеңінің құрылысы толық аяқталып, 42 гектар алқаптан алғашқы өнім алынған. Бұл – Шымкенттің ауыл шаруашылығы саласында дәстүрлі әдістерден жоғары технологиялы, индустриялық өндіріске көшкенінің нақты көрінісі. Жобаның іске қосылуы ішкі нарықты жыл он екі ай бойы сапалы көкөніс өнімдерімен қамтуға және импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.

Аталған бастаманың нәтижесінде қалада ауыл шаруашылығы саласының экономикалық салмағы айтарлықтай артты. Жыл қорытындысымен ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 58,2 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш аграрлық сектордың Шымкент экономикасындағы рөлінің күшейіп келе жатқанын айқын көрсетеді.

Мамандардың бағалауынша, ірі жылыжай кешенінің толық іске қосылуы алдағы кезеңде өндіріс көлемін бірнеше есе арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, жаңа жұмыс орындарының құрылуына және қала экономикасының әртараптануына серпін береді.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win