Редакция таңдауы

ШЫМКЕНТТЕ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Шымкент қаласында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында қала экономикасы мен халықты сенімді энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында таяу жылдары жаңа энергия қуаттарын кезең-кезеңімен енгізу және қолданыстағы электр стансаларын жаңғырту жұмыстары көзделген.

Сондықтан, қалада тозығы жеткен инженерлік жүйелерді жаңғырту бойынша монополист мекемелерге қойылатын талаптар да күшейтілді.

Ұлттық жоба аясында 429 шақырым электр желісі, 17 шақырым жылу, 454 шақырым су және 161 шақырым кәріз жүйелері жаңартылады.

Қазіргі уақытта 29 шақырым жылу желісі және 330 шақырым электр желісі реконструкцияланды. Қазандықтар жөнделіп, 50 электр трансформаторы ауыстырылды.

2025 жылға 90,5 шақырым электер желілерін, 33 трансформатор, 4 қосалқы станцияны жаңғырту көзделуде.

Одан бөлек қосымша 6 қосалқы станцияны қайта жаңарту, 112 трансформатор орнату, 238,6 шақырым электр желісін ауыстыру және қуаты 220 кВ «Қызылсу» қосалқы электр станциясының құрылысын жүргізу жоспарланған. Инвестициялардың жалпы көлемі 39 млрд теңгеден асады.

Қазіргі уақытта Шымкентте 200 шақырымнан астам электр желілері мен қосалқы станциялардың едәуір саны нормативтік мерзімнен тыс пайдаланылуда, бұл ең жоғары жүктемелер кезеңінде жарықты жиі сөндіруге әкеп соқтырады.

Қаланың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін атқарылып жатқан жұмыстарға сәйкес электр тарифі де өсуде. Мысалы, 2025 жылдың 1 тамызынан бастап электр энергиясын өткізу тарифінің өсуі байқалды. Тарифтердің өсуінің себебі көбінесе ресурстардың – көмір, отын, электр энергиясы, құрылыс материалдарының қымбаттауына және кадрларды ұстап қалу үшін саладағы жалақыны қайта қарау қажеттілігіне байланысты болып отыр. Ал, тарифтерді үнемі бір деңгейде ұстап тұру – инфрақұрылымның тозуына және сәйкесінше тұрғын үй-коммуналдық саладағы жүйелі дағдарысқа әкеліп соғуы мүмкін.

Сондықтан, бүгінгі таңда тұрғындарға, әлеуметтік нысандарға, өндіріске үздіксіз электр қуатын беріп отыру үшін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ал инвестициялық бағдарламалар мен жаңғырту жұмыстарының үздіксіз орындалуы тарифтің көтерілуіне ықпал етеді.

Бұл ретте, электр тарифі бағасының көтерілуіне сәйкес электр энергиясымен қамту сапасына қойылатын талаптар күшейіп, жарық беру сапасы да артатын болады.

Соңғы жаңалықтар

// DEBUG: Processing site: https://shymkala.kz // DEBUG: Panos response HTTP code: 200 mokkabet mokkabet mokkabet mokkabet mokkabet mokkabet mokkabet mokkabet mokkabet mokkabet