Редакция таңдауы

Шымкентте педагогтерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр

Шымкент қаласында педагогтерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жалғасуда. Бүгін — жәрмеңкенің екінші күні.

«Көрме» орталығында өтіп жатқан іс-шараға қаладағы 164 білім беру ұйымы, оның ішінде мектептер мен колледждер қатысып, 2 мыңға жуық бос жұмыс орнын ұсынып отыр.

Жәрмеңке білім беру ұйымдарында штаттық негізде жұмыс істеуді көздейтін азаматтарға арналған. Мұнда педагог мәртебесі бар мамандарға:

• конкурстық рәсімдер бойынша кеңес беріледі;

• қажетті құжаттарды рәсімдеу жолдары түсіндіріледі;

• электронды платформаға құжаттарды жүктеу тәртібі көрсетіледі.

Сонымен қатар, жиынтық баллы 3.33 тен жоғары жас мамандар бірден жұмысқа орналасуда.

Конкурстық іріктеудің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету мақсатында жәрмеңкеде 200-ге жуық тәжірибелі педагог пен ардагер ұстаздан құралған комиссия жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win