Редакция таңдауы

Шымкенттік Әртістерге шеберлік сағатын өткізді

Еліміздің еңбек сіңірген әртісі, танымал әнші және ұстаз Толқын Забирова «Шымкент концерт» концерттік ұйымының Эстрада, дәстүрлі және классикалық ән орындаушылар бөлімінің әртістеріне арналған кәсіби шеберлік сағатын өткізді.

Шара Шымкент қаласындағы «Tulip Hall» көп салалы кешенінде өтті. Шеберлік сағаты барысында Толқын Забирова сахна мәдениеті, вокалдық және актерлік шеберлік, сондай-ақ, көрерменмен эмоциялық байланыс орнату жолдары туралы кеңінен сөз қозғады.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Әртістер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі ұстаздан пайдалы кеңестер алды. Сондай-ақ, практикалық жаттығулар жасалып, орындаушылық шеберлікті шыңдауға бағытталған әдістер ұсынылды.

Іс-шараның басты мақсаты – өнерпаздардың кәсіби деңгейін көтеру, шығармашылық әлеуетін дамыту және қазіргі сахна талабына сай бағыт-бағдар беру.

Шеберлік сағаты қатысушыларға шабыт сыйлап, өнер жолындағы сенімділігін арттырған тағылымды кездесуге айналды.

Гүлжауһар БАЖАҚАЙ

Соңғы жаңалықтар