Редакция таңдауы

Шымкенттік өрендер сингапурде бақ сынайды

Астанада өткен World Robot Olympiad (WRO) – 2025 оқу-жаттығу жиынының шешуші кезеңінде шымкенттік оқушылар  жеңіске жетті. Shymkent Hub құрамындағы RoboPark орталығында дайындалған Назарбаев Зияткерлік мектебінің шәкірттері байқауда 1-орынға ие болды.

Жеңімпаздарды Шымкентке оралған сәтте салтанатты түрде қарсы алды. Оқушыларды ұстаздары, ата-аналары мен достары құттықтап, олардың еңбегіне зор құрмет көрсетті.

World Robot Olympiad (WRO) – бұл әлемнің 90-нан астам елінде өтетін халықаралық робототехника олимпиадасы. Әр мемлекетте іріктеу кезеңдері ұйымдастырылып, үздік шыққан командалар әлемдік финалда бақ сынайды.

Биылғы финал Сингапурде өтеді. Алдағы уақытта Шымкенттен шыққан өнертапқыштар Сингапурда ел намысын қорғамақ.

Бұл жетістік – оқушылардың табандылығы мен тәлімгерлердің еңбегінің нәтижесі. Енді жас өнертапқыштар халықаралық кезеңге дайындықты жалғастырады.

Г.ТЕМІРХАНҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win