Редакция таңдауы

Шымкенттік шаруалар шетелдіктермен тәжірибе алмасты

Қазақстанда алғаш рет отандық шаруалардың басын қосқан ерекше оқиға орын алды. «Ауыл» партиясының бастамасымен және қолдауымен тұңғыш рет «AUYL FEST. Қой шаруашылығы – 2025» халықаралық форумы ұйымдастырылды.

Бұл форум – тек қой шаруашылығы ғана емес, ауыл шаруашылығы саласын дамытудағы жаңа серпін болды. Орал қаласында өткен форумға «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев, Парламент депутаттары және министрлік өкілдері қатысты. Сонымен қатар Ресей, Қытай, Венгрия, Франция, Иран және Өзбекстаннан арнайы делегациялар келіп, тәжірибе алмасты.

Соның ішінде Шымкент қаласынан барған шаруалар шетелдік сарапшылардан қой шаруашылығындағы жаңа технологиялар туралы мағлұмат алды. Шетелдік мамандар шымкенттік шаруаларға экспорт әлеуетін арттыру, асыл тұқымды мал өсіру, ет пен жүн өнімдерін шетел нарығына шығару жолдарын көрсетті. Асыл тұқымды қошқарлар аукционы өткізіліп, шаруаларға сапалы мал сатып алу мүмкіндігі берілді.

Қой жүнінен жасалған ұлттық киімдер дефилесі мен қолөнер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Қой етінен әзірленген тағамдар байқауы көрерменнің қызығушылығын оятты. Оған қосымша, қой қырқу мен ет мүшелеу бойынша шеберлік сабақтары өтті. Қазақы тазы мен төбет иттер де көрмеге шығарылды.

Бұл шарадан Шымкент қаласының шаруалары да сырт қалған жоқ. Өңірімізден барған қожалықтар өз өнімдерін таныстырып, асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша тәжірибе алмасты. Бүгінде Шымкент маңындағы елді мекендерде қой өсіру кәсібі кең қанат жайып келеді. Әсіресе, жастардың  осы салада еңбек етуге бет бұруы қуантады.

Қазір Шымкентте ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған түрлі жобалар жүзеге асыру жоспарда бар. Бұл – жергілікті тұрғындардың табысын арттырып қана қоймай, қаланың азық-түлік қауіпсіздігіне де үлес қосатын маңызды қадам.

«AUYL FEST. Қой шаруашылығы – 2025» – ауылдың қадірін арттырып, ата кәсіпті дәріптеген, халықаралық деңгейде өткен тұңғыш форум ретінде ел тарихында қалды.

Бұл бастама – ауылға деген қамқорлықтың айқын көрінісі. «Ауыл» партиясы дәл осындай жобалар арқылы ауылдың әлеуетін көтеріп, елдімекендердегі халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған нақты істер атқарып келеді.

Шымкент қаласы үшін де бұл форум үлкен тәжірибе алаңы болды. Себебі біздің өңірде де мал шаруашылығымен айналысатын көптеген еңбекқор азаматтар бар. Олардың тәжірибесін арттырып, ауылдан шыққан жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу – «Ауыл» партиясының басты мақсаты.

Соңғы жаңалықтар

// DEBUG: Processing site: https://shymkala.kz // DEBUG: Panos response HTTP code: 200 mokkabet mokkabet mokkabet mokkabet mokkabet mokkabet mokkabet mokkabet mokkabet mokkabet