Редакция таңдауы

«Шымқала  кештері» шаттық сыйлады

Дәстүрге айналған «Шымқала кештері» іс-шарасы демалыс күндері жалғасын тапты. 19  шілдеде қаланың саябақтарында көпшілік мәдени іс-шаралар өтті. Атап айтқанда, «Шым сити» саябағында «Шымкент концерт» концерттік ұйымының өнерпаздары әннен шашу шашты.

Самалы салқын, жарқыраған шамдары мен субұрқағы қала кешіне ерекше көрік беріп тұрған саябақтағы концертке келушілердің қарасы қалың.  Қала тұрғындары әншілермен бірге ән шырқап, сахнаға шығып билеп, кейбірі естелікке суретке түсіп, мәре-сәре күй кешті.

«Шымкент концерт» ұйымының Тәттібек Бегалиев, Эльмира Амирова, Абзал Молдабеков, Гүлзина Шорабекова, Саддаулет Сүлейменов, Қуаныш Абжаппар сынды әншілері эстрада жанрындағы әндерімен шымкенттіктерге көтеріңкі көңіл-күй мен демалыс сыйлады.

Айта кетейік, «Шымқала кештері» жаз бойы әр сенбі-жексенбіде  өтеді.

 

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

Соңғы жаңалықтар