Редакция таңдауы

Спорт нысандарының құрылысы жоспарға сәйкес жүргізілуде

Шымкент қаласында спорттық инфрақұрылымды дамыту – тұрғындардың спортпен жүйелі айналысуына жағдай жасаудың негізгі тетігі. Қала аумағында қазіргі уақытта 877 спорттық нысан бар. 2025 жылы шаһарда 5 спорт нысанының құрылысы басталған болатын.

Қаратау ауданы, 223 орамдағы жер көлемі 26,1 га жаңа футбол стадионын 2026–2027 жылдары аралығында пайдалануға беру жоспарлануда. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры тарапынан Абай ауданы, Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы модульді жылдам құрастырмалы спорттық нысанды да 2026 жылға пайдалануға беру жоспарда тұр.
Ал, Еңбекші ауданы, Бадам, Қарабастау елді мекеніндегі 2 жылдам құрастырмалы модульді спорттық нысан 2026 жылдың қаңтар айында пайдалануға берілмек.
Аталған нысандардың ішінде 1 спорттық нысан (Еңбекші ауданы, Бадам тұрғын алабындағы спорттық нысан) бүгінде тұрғындар игілігіне берілді.
Алдағы кезеңде қалада 3 жаңа спорт нысанының құрылысы салынбақ. Айталық, Тұран шағын ауданындағы «Паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт кешені» құрылысы бойынша ЖСҚ әзірленуде. Құрылыс 2026–2027 жылдарға жоспарланған. Тұран шағын ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша ЖСҚ демеуші тарапынан әзірленіп жатыр. Жер көлемі — 2,4 га.
Сондай-ақ, 2026 жылы спорт инфрақұрылымының қолданыстағы нысандарын сақтау және жаңарту мақсатында бірқатар нысандарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
Шалғай орналасқан елді мекендерде спорт нысандарының тапшылығын шешу үшін 4 жер учаскесі заңдастырылып, құрылыс басқармасына ұсыныстар енгізілді. Аталған жерлерде ашық спорт алаңдары мен спорттық кешендер салу жоспарланған. Бұл – қала маңындағы тұрғындардың спорттық инфрақұрылымға қолжетімділігін арттырады.

«Шымкент келбеті»

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win