Редакция таңдауы

«Стандарт» жеке индустриалды аймағы: экологиялық проблемадан өнеркәсіптік дамуға қадам

Шымкент қаласындағы STANDARD жеке индустриялды аймағынның жалпы аумағы 118 гектарды құрайды. Осы аймақта болашақта шағын және орта бизнес субъектілері үшін жалға берілетін 25 өндірістік парк орналастырылады.

Бүгінде жобаның бірінші кезеңі бойынша құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталған. Бірінші кезеңде 12 гектар аумақта 27 132 шаршы метр өндірістік ғимараттар салынды.

Қазірдің өзінде бұл индустриалды аймақта 6 жоба іске асырылып жатыр. Оған 3,8 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл кәсіпорындарда 192 жұмыс орны құрылды.

Жалпы, STANDARD жеке индустриялды аймағы кеңестік кезеңнен қалған бұрынғы қорғасын зауытының аумағында орналасқан. Бұл жерде жылдар бойы жиналған өндірістік қалдықтар қаланың экологиялық жағдайына кері әсерін тигізіп келген болатын. Қала әкімдігі жеке инвестормен бірлесіп, миллиондаған тонна өндірістік қалдықтарды өңдейтін зауыт ашқан. Соның арқасында қаланың елеулі экологиялық проблемасы түбегейлі шешімін тауып, оның орнына заманауи индустриялық аймақ салынып жатыр.

STANDARD жеке индустриалды аймағы Шымкент қаласындағы өндірістік дамудың бір ғана екенін айта кеткен жөн. Жалпы, Шымкент аумағында 8 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда оларда 716,9 млрд теңгеге 455 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 359,8 млрд теңгені құрайтын 329 жоба іске қосылып, 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған.

«Шымкент келбеті»

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win