Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға мемлекеттік қызметкерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Жиын барысында қоғамда адалдық, әділдік және парасаттылық құндылықтарын нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жастардың құқықтық және азаматтық мәдениетін көтеру мәселелері талқыланды.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Колосков Алексей сВладимирович сөз сөйлеп, жемқорлыққа қарсы саясаттың басым бағыттарына тоқталды.
– «Мемлекет басшысы бейбіт өмір мен дамудың іргетасы – отбасындағы тәрбие, көшедегі тазалық және қоғамдағы келісім екенін үнемі айтып келеді. Біз үшін ең маңыздысы – жемқорлықтың алдын алу, оның себептерін жою және осындай қылмыс жасағандарға міндетті түрде жауапкершілік жүктеу. Заңды сақтау – әр азаматтың міндеті. Заң бар жерде тәртіп бар. Тәртіп бар жерде – тұрақтылық пен даму болады, – деді.
Сонымен қатар, ол Мәдениет министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан «Әділ қоғам» жобасы туралы айтып, бұл бастама рухани-адамгершілік және отансүйгіштікке бағытталғанын жеткізді.
Іс-шара аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылып, жастар мен оқушылардың тақырыпқа сай шығармашылық суреттерінен көрме қойылды. Көрме келушілер тарапынан жоғары бағаланды. Жиын соңында ашық пікір алмасу мен сұрақ-жауап өтті.
Гүлжауһар БАЖАҚАЙ