Редакция таңдауы

ТӘРБИЕ МЕН ТАЗАЛЫҚ – ЕГІЗ ҰҒЫМ

Шымкент қаласындағы №137 мектепте республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды іс-шара өтті. Мұнда бастауыш және 5-9 сынып оқушылары пікірсайыс форматында табиғатты қорғау, қағазды қайта өңдеу және химиялық заттардың пайдасы мен зияны туралы ой бөлісті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған бұл бағдарлама жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Мектеп директоры Эльмира Қантаеваның айтуынша, оқу орнында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жолға қойылған.

– Біздің мақсатымыз – оқушыларды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Мектепте тәрбие сағаттары, ашық сабақтар мен тақырыптық әңгімелер жиі ұйымдастырылады. Балалар сурет салу, көрмелер ұйымдастыру арқылы табиғатқа деген махаббаттарын шығармашылықпен жеткізеді, — дейді мектеп басшысы.

Мектепте тек экологиялық дәрістермен қатар домбыра, шахмат, сәндік-қолданбалы өнер үйірмелері жұмыс істейді. Бұл жүзден астам оқушыны біртұтас тәрбие процесіне тартуға мүмкіндік беріп отыр.
Мектептегі игі дәстүрдің бірі — «Түлектер аллеясына» ағаш отырғызу бастамасы. Мұнда жыл сайын мектеп бітіруші түлектер түрлі талды көшеттеп, ауланы көгалдандыруға үлес қосады. Мектеп ауласындағы шыршаларға тұрақты күтім жасалады екен. Әр сенбі сайын «Тазалық күні» ұйымдастырылып, оқушылар мектеп маңы мен іргелес жатқан каналдарды қоқыстан тазартады. Бұл шаралар балаларды еңбекке баулып, қоғам алдындағы жауапкершілікті арттырады.

Жоғары сынып оқушылары үшін «Таза Қазақстан» және «Таза химия» бағыттары бойынша дебаттар өткізілді. Пікірталас барысында химиялық заттардың адам денсаулығы мен табиғатқа тигізер әсері талқыланды. Оқушылар макулатурадан пайдалы бұйымдар жасау жолдарын үйреніп, қалдықтарды қайта өңдеудің маңызымен танысты.

– Балалардың белсенділігі мен қызығушылығы олардың экология мәселелеріне саналы түрде қарайтынын көрсетеді. Мұндай іс-шаралар болашақта еліміздің тазалығы мен тұрақты дамуына үлес қосатын жанашыр азаматтарды тәрбиелеуге негіз болады, — деп түйіндеді сөзін Эльмира Қантаева.
Бұл жүйелі жұмыстарға мектеп парламенті де белсене атсалысып, экологиялық бастамалардың алдыңғы шебінен көрініп отыр.

«Шымкент келбеті»

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win