Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2025 жылға арналған нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес, тегін дәрілік қамтамасыз ету жүйесіне маңызды өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістердің негізгі мақсаты – тұрғындарды дәрілік заттармен қамтамасыз етудің қолжетімділігін арттыру, медициналық көмектің сапасын жақсарту және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің тиімділігін күшейту.

Аталған жаңашылдықтар Шымкент қалалық №6 емханада кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, тұрғындарға түсіндіру және қолжетімді қызмет көрсету бағытында нақты жұмыстар атқарылуда.
2025 жылғы 10 қыркүйектегі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №91 бұйрығына сәйкес бірқатар әлеуметтік маңызы бар аурулар тегін медициналық кепілдендірілген көмек (ТМККК) көлемі пакетінен МӘМС пакетіне ауыстырылды. Олардың қатарында 12 назалогия, атап айтқанда: қант диабеті, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, жүрек клапндарының зақымдануы, бронхиалды астма, созылмалы обструктивті өкпе ауруы, Бехтерев ауруы, церебральды сал ауруы, ревматизм секілді кең таралған сырқаттар бар.
Сонымен бірге кейбір нозологиялар, керісінше, МӘМС-тен ТМККК пакетіне ауыстырылды. Атап айтқанда, түйінді полиартериит және оған туыстас жағдайлар, сондай-ақ Альцгеймер ауруы (G30) бойынша дәрілік қамтамасыз ету енді ГОБМП аясында жүргізіледі.
Тегін және жеңілдікпен берілетін дәрілік заттар тізімі де жаңартылды. Жүрек-қан тамырлары, бүйрек, эндокриндік, сондай-ақ онкологиялық ауруларды емдеуге арналған заманауи препараттар енгізілді. Ал клиникалық тәжірибеде қолданылмайтын немесе талаптарға сай келмейтін кейбір дәрілік заттар тізімнен алынып тасталды.
Балалар мен ересектерге арналған емдеу тәсілдері нақтыланып, Инсулин деглудек препараты бойынша азаматтар санаты МӘМС пакеттері аясында жеке қарастырылатын болды. Бұл пациенттерді динамикалық бақылау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Қалалық №6 емхананың дәрігерлері тұрғындарға барлық өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әрбір пациентке жеке кеңес беруге дайын. Дәрілік қамтамасыз етуге қатысты сұрақтар бойынша учаскелік дәрігерлерге жүгінуге болады.
Біздің басты міндетіміз – әрбір пациентке сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету.
А. Қылышбаева, Шымкент қалалық №6 емхананың бас дәрігері
