Қаладағы Астана алаңында ең ауқымды мәдени іс-шара – «Той думан fest» фестивалі өтті. Мерекелік концерт Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, қала күніне орай ұйымдастырылды.
Бұл фестиваль Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына ерекше қуаныш пен мерекелік атмосфера сыйлады. Сонымен қатар, ұлттық рухты сақтауға, қоғамда жағымды көңіл-күй қалыптастыруға арналды.
Фестиваль аясында Қазақстан эстрадасының 100-ге жуық танымал әншілері мен жас орындаушылары бір сахнада бас қосты. Олардың қатарында елге кеңінен танылған жұлдыздармен қатар, болашағынан үміт күттіретін жас талантты өнерпаздар да бар.
«Той думан fest» — бұл әдеттегі концерттік бағдарламадан өзгеше, ел мәдениетінің ауқымын көрсететін және ұлттық рухты жаңғыртатын ерекше мәдени алаң. Кеште әртүрлі буындағы орындаушылар, этно-ансамбльдер, заманауи топтар, танымал дуэттер бір сахнада өнер көрсетті.
Айта кетсек, қала күні мерекесіне орай ерекше мәдени, көпшілік іс-шаралар өтті. Іс-шаралардың онкүндігі аясында республикалық Оркестрлер шеруі «Той думан fest» іс-шарасына жалғасты.
Тағабай ҚАСЫМОВ