Бүгінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық департаменттері бұзушылықтарды алдын-алуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізуге басымдық беруде.
Профилактикалық жұмыстар, ең алдымен, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын және қызметтік әдеп нормаларын түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу арқылы жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметшілерге тұрақты түрде әдістемелік-тәжірибелік семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, диалогтық алаңдар, семинар кеңестер ұйымдастырылуда.
Өткізіліп отырған кездесулер барысында талдау нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерге жалпы шолу жасалып, оның заңнамалық негіздері талқыланады, тәжірибелік нақты кейстарды шешу арқылы қатысушыларды бұзушылықтарды болдырмау бойынша жұмысқа бағдарлау жүзеге асырылады.
Осы ретте, осы жылдың 2-тоқсанының өзінде Департаментпен «Мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау мәселелері», «Әдеп жөнідегі уәкілдердің атқарған қызметіне жүргізілген талдау қорытындылары», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарын және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселері» тақырыбында түсіндірме семинар-тренингтер өткізілді. Өткізіліп отырған тақырыптар бойынша бұзушылықтар санының азаюы атқарылып отырған жұмыстардың нәтижелі екендігін көрсетуде. Дегенмен, Департаментпен жүргізіліп жатқан профилактикалық талдау, мониторинг және тексеру жұмыстарының нәтижесімен мемлекеттік мекемелер тарапынан бірқатар бұзушылықтарға жол беріліп жатқаны анықталуда. Мәселен, осы жылы Департаментпен мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша 25 тексеру іс-шаралары жүргізіліп, олардың нәтижелерімен 176 бұзушылық анықталған, оның 119 жойылған, мемлекеттік органдарға енгізілген нұсқамалардың барлығы орындалған. Тексеру іс-шараларының қорытындыларымен 17 қызметшінің құқығы қорғалды.
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша жүргізілген талдау нәтижелерімен жалпы 86 бұзушылық анықталып, жүргізілген талдау қорытындыларымен олардың жойылуы қамтамасыз етілді, 41 мемлекеттік қызметшінің құқығы қалпына келтірілді. Осыған байланысты, бұзушылықтар анықталған бағыттар бойынша Департаментпен профилактикалық түсіндірме жұмыстары кеңінен жүргізілетін болады.
Жұмыс уақыты режимі – еңбекті ұйымдастырудың маңызды сұрақтарының бірі. Қызметшілердің демалыссыз ұзақ уақыт жұмыс істеуі олардың моральдық және психологиялық жағдайына әсер етіп, өндірістік шаршауға алып келетіні сөзсіз. Жұмыс уақыты режимін сақтау, керісінше, өнімділік деңгейін көтеруге, оның ішінде әр мекеменің тиімді жұмыс істеуіне тікелей әсер ететінін атап өту қажет.
Осы орайда, қатардағы қызметшілердің құқықтарының бұзылуын алдын-алу, бұзушылықтарды болдырмау және жою бағытында өзінің елеулі үлесін қосып жатқан мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына жүргізіліп отырған мониторинг жұмыстарын ерекше атап өткім келеді.
2025 жылы жұмыс уақыты режимінің сақталуына Департамент қызметшілері Шымкент қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Акишевтің қатысуымен 30 мониторинг жүргізілген. Нәтижесімен 84 мемлекеттік қызметшінің құқығы қалпына келтіріліп, оларға тынығу уақыты берілді.
Департаментпен жүзеге асырылып жатқан бұзушылықтарды болдырмауға, оларды алдын алуға, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған мағыналас профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Әрбір мемлекеттік қызметші өз іс-әрекеті және мінез-құлқымен адалдықты жеке пайдадан жоғары қоюға міндетті. Өз басының қара қамын ғана ойламай, әрдайым елдік мұратты биік қоя білу, елге адал қызмет ету мемлекеттік қызметшілердің бойынан табылуы тиіс негізгі қасиеттердің бірі. Игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау – халқымыздың көне заманнан келе жатқан дәстүрі.
Мемлекеттік қызметшілердің өздерінің негізгі жұмыстарын сапалы және адал атқарумен қатар, бос уақыттарында волонтерлік қызметке өз еріктерімен белсене қатысуы көңіл қуантады. 2023 жылдан бастап Департамент жанынан құрылған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы жұмыс жасайды. Кеңестің мақсаты – азаматтар мен жастардың, студенттер мен оқушылардың ерікті қызметке қатысуын кеңейту, оларға белсенді өмірлік ұстаным дағдыларын қалыптастыру. Еріктілермен жыл басынан бері «Қайырымдылық – жүректен», «Мәдени мұра», «23 наурыз – Тазару күні», «Экологиялық мәдениетті қалыптастырамыз», «Тегін заң көмегі күні» атты акциялары өткізілген.
Адамгершілік пен адалдықты, еңбекқорлық пен мейірімділікті, ұлтжандылық пен отаншылдықты бәрінен жоғары қоятын және өздерінің лауазымдық міндеттерін сапалы және кәсіби түрде атқарумен қатар волонтерлік қызметке белсене қатысатын мемлекеттік қызметшілер әрдайым мақтауға және құрметтеуге лайық.
Аянай РАЕВА,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша
департаменті басшысының орынбасары