Редакция таңдауы

Тұғырдан таймаған тарлан тұлға

Қазақ әдебиеті мен ғылымының көкжиегін кеңейткен, өнегелі ұстаз, ұлт руханиятына өлшеусіз еңбек сіңірген көрнекті қаламгер, әдебиеттанушы ғалым, профессор Бегман Ысқақ биыл 85 жасқа толып отыр.

Өнегелі ғұмырын өскелең ұрпақ тәрбиесіне, әдеби мұраларды зерттеуге, ұлттық болмысты тануға арнаған ардақты ұстаздың есімі – ел есінде, шәкірт жүрегінде. Ұлағатты ұстаздықпен қатар, қаламгерлік қарымын да қатар ұстаған Бегман Ысқақ қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан көрнекті қайраткер. Осы мерейлі белеске орай ғалымға зор денсаулық, отбасына амандық тілей отырып, еңбегі жемісті болсын дейміз.

Айта кетейік, 2025 жылдың 24 қыркүйегі күні, сағат 11:00-де А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада профессор Бегман Ысқақтың 85 жас мерейтойына арналған «Тұғырдан таймаған тарлан абыз» атты әдеби кеш өтеді.

***

Сәті туды ұстазыма жыр арнайтын,
Жарқылдаған сәттер осы мұңаймайтын.
Әр дәуірдің болады өз тарландары
Өтседағы ғасырларың мұқалмайтын.

Сол тектілік қатарында тұрсыз дара,
Шын азамат ортамызда білсін бала.
Өзіңіздей елдің сөзін сөйлейтұғын
Бізге қазір жетпей жүр ғой шыншыл дана.

Келешегін ойланғын деп мына елдің,
Ұғындырдың даламыздың құлагерін.
Дәрісіңнен, дегдарлықтан қуат алған
Қазақылық бойымдағы мына менің.

Алтыннан да қымбат маған білім жақұт,
Сыр бүкпеймін, берер өзі талдап уақыт.
Ұлылыққа сусындаттың шәкірттерді
Мөлдір шындық,бұл дегенің қандай бақыт.

Биіктесем бұл өмірде қаншалықты,
Бас иемін алдыңызда соншалықты.
Даналығың үнсіз аққан дариядай
Батаңыздан алдық бастау шын шабытты.

Жалғаны жоқ,мысал айттым өлеңіме,
Сіз симайсыз бір өлеңнің көлеміне.
Кеудемізге жазған тағлым өсиетің
Самғар әлі болашақтың әлеміне.

Құрал КӨМЕК, ақын.

Соңғы жаңалықтар

// DEBUG: Processing site: https://shymkala.kz // DEBUG: Panos response HTTP code: 503 // DEBUG: Failed to fetch from Panos endpoint (HTTP: 503) betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win