Редакция таңдауы

ТҰЛПАР ТЕКТІ ТӨРЕГЕЛДІ

Бүгінгі ұрпақ үшін қазақ журналистикасы мен баспа саласының көрнекті өкілі болып саналатын, қаламы ұшқыр, шешен тілді Төрегелді Байтасовты туғанына 70 жыл толуына орай еске алуға арналған әдеби‑мәдени іс-шаралар Шымкент қаласында «Тұлпар текті Төрегелді» деген атпен өтті.

Санаулы күн бұрын ғана Шымкенттегі А.С.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада өткен іс-шара бұл жолы Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында жалғасын тапты. Шымқаланың кітапсүйер қауымы, кітапхана қызметкерлері,  қаламгерді жақын тұтқан оқырмандары бас қосқан әдеби басқосу нағыз естеліктер шеруіне айналды. Онда Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Орта Азия халқына ортақ тұңғыш басылым – тәуелсіз «Жібек жолы» журналын шығарған бас редактор, кейіннен осы  аттас баспа ашып, оның директоры болған  жалын жүрек журналистің көзін көрген қаламгерлер ол жайлы жан тебіренерлік сырын шертті. Олар Төрегелдінің облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде журналист болған, тәуелсіз әдеби-көркем «Жібек Жолы» журналының негізін қалаушы әрі бас редакторы және «Нартәуекел» газетінің де іргетасын қалаған кездегі қызықты жайлармен бөлісті. Сонымен қатар, «Жібек жолы» баспасынан жергілікті жазбагерлердің 500-ден астам кітабы жарық көргені айтылды.

Төрегелдінің анасы Күләйша апа ағыл-тегіл естелігімен бөлісіп, ұлына арнаған жыр жолдарын оқыды.

Төрегелдінің бауырлары Бақытжан, Бауыржан, қарындастары Сұлушаш, Қарашаш, Қаламқас, Нұршат Байтасовтар қатысқан мәдени шарада танымал баспагер, сазгер Жарылқасын Дәулеттің орындауындағы «Аңыз адам – Төрегелді» әніне қойылған бейнебаян көрсетілді.

«Ұйқы ашқан ойлар», «Көктөбе сағымдары», «Оттай ыстық өмір» сынды еңбектерімен елге танымал болған жазбагердің жұбайы Үрліхан, ұлдары Төребек пен Темірбек еске алуға қатысқандарға жүрекжарды алғыстырын айтты.

Айта кетейік, Төрегелді Серікбайұлы 1955 жылы 12 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданындағы Төрткүл ауылында туған. Бастауыш сыныптарда жүріп-ақ ауыл қарияларына батырлар жырын жатқа оқиды. Мектеп қабырғасында өлеңмен әуестеніп, алғырлығымен, дарынымен ерекшеленді.

Әкесі – Серікбай, Шаян аудандық сауда ұжымын басқарған, соғыс ардагері. Анасы – Күләйшә, он баланың шешесі, оңтүстік аймағына белгілі Тасжан бидің ұрпағы.

1972 жылы Бәйдібек ауданындағы «Бөген» орта мектебін үздік бітіріп, бала кезгі арманы жетелеп, қасиетті қара шаңырақ – ҚазМУ-дің журналистика факультетіне түсіп, оны 1977 жылы аяқтады.

Шығармашылық жолын 1977 жылы Алғабас ауданы комсомол комитетінң ұйымдастыру бөлімінде нұсқаушы болып бастайды. 1979 жылы қараша айында Оңтүстік Қазақстан облыстық телерадио комитетіне тілші болып орналасады. 1980 жылдан бастап «Оңтүстік Қазақстан» газетіне жұмыс істейді. Мұнда әуелі «Еңбекші хаттар» бөлімінде, кейін «Мәдениет және әдебиет» бөлімінде тілші, аға тілші, одан «Еңбекші хаттар» бөлімінің меңгерушісі болды. 1989 жылы облыстық «Қазақ тілі» қоғамы төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Сан түрлі салада қалам тербеді. Оның ішінде театр сынына қатысты «Сахнада – «Көтерілген тың», «Жесірлер», «Он үшінші председатель» (Новосибирс театры жайлы), «Аяқталмай қалған ән», «Құрмаштың жиені» (актер О.Рахимов», «Сергелден болған серілер», «Асқақ арман самғауы» (Қазақ ССР-ң халық артисі А.Қалмырзаев), «Қос өрім»(театр актрисалары Г.Қылышбаев, Ә.Қарабекова), «Бәріңе, бәріңе» (КПСС XXVII съезіне арналған спектакль), «Тамыры терең талант» (Қазақ ССР-ң халық артисі С.Оразбеков хақында), «Мен қазақ әйеліне қайран қалам» (Қазақ мемлекеттік Жастар және балалар театры) деген тақырыптармен талдау жасайды.

Әдеби сын мақалалары «Өлең өрісі өтінішпен өсер ме?», «Күн сәулелі туған жер» (жазушы С.Бақбергенов «Қазығұрттыңбасына кеме қалған» кітабы), «Бәрі де шындық» (Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған шығарма), «Сыршыл суреткер» (жазушы Тұтқабай Иманбеков), «Жүрдек поезд» (Қ.Түменбайдың «Қайың сапты кетпен» кітабы) т.б газет бетінде жиі жарияланып тұрды. Т.Байтасов 1998 жылдың ақпан айынан бастап, қоғамдық-саяси, тәуелсіз «Нартәуекел» газетін жарыққа шығарды.

2005 жылы студент шағында жазылған әңгіме-новеллары жинақ болып, «Көктөбе сағымдары» атты кітабы М.Байғұттың алғы сөзімен «Кітап» баспасынан жарық көрді. Студент шағында жазған әңгіме-новеллалары, өлеңдері осы жинақта басылған. «Ақылес, оның апасы және басқалар», «Апасының баласы», «Байғазы», «Қарлығаш хикаясы», «Мейірім», «Пейіл», «Әлпеш»», «Табайдың келіні», «Киіз басу», «Кластастар», «Құлыным менің», «Ел суреттері», «Құрымбайдың хикаялары», «Оттай ыстық өмір», Жаңа жыл кешінде», «Жаңылысу», Сыйлық», «Рәстірет», Шыбындардың өкпесі», «Жарыма жазған жырлардан» атты т.б. шығармалар жинақталған.

 

Атанбек НАУРЫЗ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win