Редакция таңдауы

ТҰРАН АУДАНЫНДА ТЫНДЫРЫМДЫ ІСТЕР КӨП

Таяуда Тұран ауданындағы Айкөл елді мекенінде ауызсу жүйесі іске қосылған еді. Қала әкімімен кездесуде тұрғындар сапалы ауызсумен қамтамасыз етудің маңызды екенін айтып, нәтижесінде осы жобаны жүзеге асыру туралы шешім қабылданды. Жоба аясында демеушілер тарапынан 14,7 шақырым су құбыры жүргізілді. Жеке үйлер мен әлеуметтік нысандар – жалпы 38 нысан толық ауызсумен қамтамасыз етілді. Бұл шалғайдағы тұрғындардың өмір сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Ауыз сумен толық қамтылады

Айкөл тұрғын алабында су жүйесінің іске қосылуы – тұрғындармен ашық диалогтың және өмір сапасын жақсартуға бағытталған жедел шаралардың нәтижесі. Алдағы уақытта аудандағы инженерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасып, тұрғындарға барлық қажет жағдай жасала бермек.

Айкөл тұрғын алабындағы ауызсу жүйесінің іске қосылу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков те қатысты. Шаһар басшысы демеушілерге және мердігер ұйымға жұмысты уақытында және сапалы аяқтағаны үшін алғысын білдірді. Өз кезегінде тұрғындар да қала әкіміне алғыстарын жеткізіп, енді табиғи газбен қамту бойынша өтініштерін айтты. Жоспарға сәйкес, Айкөл тұрғын алабына 2027-2028 жылдары табиғи газ да жеткізіледі.

Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, Айкөл елді мекеніндегі аяқталған жұмыстардың нәтижесінде шаһарда ауыз сумен қамту көрсеткіші 99,5 пайызға жетті. Желтоқсан айының ортасына қарай Құрсай шағын ауданының жаңа құрылыс аумағында да ауыз су жүйесі іске қосылмақ. Ол жұмыстардан кейін қалада ауыз сумен қамту үлесі 99,9 пайызға ұлғаймақ.

Тұран ауданында инженерлік инфрақұрылым жүйелерін жүргізу, жол құрылысы, аулаларды абаттандыру, ирригация жүйелерін дамытуда жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ауданда атқарылған жұмыстар сараланған еді. Алдағы жоспарлар белгіленді.

Тұран ауданы аумағында жалпы 21 шағын аудан, 39 357 үй мен 548 көпқабатты тұрғын үйде 232,7 мың халық бар. Сонымен қатар, 1 229 көше мен 293 әлеуметтік нысандар орналасқан. Аудан әкімдігінің мәліметінше, Айкөл және Құрсай шағынаудандарына ауыз су желілерін жеткізу қорытындысында ауыз су көрсеткіші 100 пайызға жетпек.

Табиғи газбен 18 шағын аудан (85,7 %) қамтылған. Бүгінгі таңда Жаңаталап, Құрсай шағын аудандарында биыл құрылыс жұмыстары аяқталып, 2026 жылы магистралды көшелерді табиғи газға қосу жұмыстары жүргізіледі (абоненттеу жұмыстары жүргізілуде). Аудан аумағы 2026 жылы табиғи газбен толық қамтылады.

20 шағын аудан электр жарығымен қамтамасыз етілген. Құрсай шағын ауданында 2024 жылы құрылыс жұмыстары басталған болатын. Биыл жыл соңына дейін электр жарығы қосылып, бұл көрсеткіш те 100 пайызға орындалмақ. Кәріз жүйесімен қамту үлесі 57,1 пайызға (12 шағын аудан) жетіп отыр. 2024 жылы Түркістан шағынауданы және Қазыбек би көшесінде кәріз жүйесінің құрылысы басталды. 2025 жылдың соңына дейін қамту көрсеткіші 60,2 пайызды құрамақ.

118 көшеге аяқжол салынды

Тұран ауданында тұрғындардың қауіпсіз және ыңғайлы жүріп-тұруын қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жол жөндеу, аяқжол салу жұмыстары атқарылуда. Атап айтқанда, 2024 жылы аудан бойынша 39 көшеге жаңа аяқжолдар салынды. Ал, биыл бұл бағыттағы жұмыс жалғасып, аудан аумағында жалпы ұзындығы 62,3 шақырымдық 118 көшеге жаңа аяқжол салу жұмыстары жүзеге асты. Тиісті жұмыс жыл соңына дейін кезең-кезеңімен жалғасады.

Бұл аудан инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға үлес қосады. Аудан аумағында 1229 көше бар (570,4 шақырым). Оның ішінде, асфальт жол – 458,1 шақырым (80,4 %);  тас жол – 112,3  шақырым (19,6 %).

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы аудандағы 126 көшені (76,4 шақырым) асфальттау жоспарланды. Оның ішінде, 42 көшеге (28,5 шақырым) орташа жөндеу, 84 көшеге (47,9 шақырым) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде, аудандағы асфальттанған көшелердің үлесі 80,4 пайыздан 96 пайызды құрайды.

2025 жылы бірқатар көшелер орташа жөндеуден (асфальттау) өтті. Атап айтқанда, 112 орам – 6 көше, 8 шағын аудан – 3 көше, Айкөл – 1 көше, 3 шағын аудан – 11 көше, 4 шағын аудан – 2 көше, Наурыз – 9 көше,  Қазығұрт – 6 көше, Карл Маркс – 4 көше, Ақтас-1 – 5 көше, Ақтас-2 – 3 көше, Жаңаталап  – 11 көше және Құрсай шағынауданында – 43 көше жоспарға алынған. 23 көшеге 20 шақырым  шағал тас төселді.

2025 жылы 50 көшенің бойына 20,5 шақырым ирригациялық жүйе салу жоспарланып, қазіргі таңда 46 көшедегі 19,5 шақырым арықтың құрылысы аяқталды. Осылайша бүгінде аудандағы 153 көшеге жалпы ұзындығы 114 шақырым суағар жүйе салынған. Қалған 4 көшедегі жұмыс желтоқсан айына дейін толық аяқталады.

Көшелердің бойын ирригациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмысы кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді. Айта кетейік, 2024 жылы ауданда 43 көшеге 18,1 шақырым ирригациялық жүйе жүргізілген болатын.

Ауданда 2023 жылы 22 көше жарықтандырылды (35 пайыз). Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы жарықтандырылған көшелердің үлесін арттыру мақсатында 681 көше жарықтандырылды. Нәтижесінде, ауданда жарықтандырылған көшелердің үлесі 35 пайыздан 95 пайызға жетті. 2025 жылы жарықтандырылмаған көшелердің барлығына 100 пайыз, яғни 333 көшеге жарықшам орнатылмақ. Нәтижесінде, жарықтандырылған көшелердің үлесі 95 пайыздан 100 пайызға жетеді.

Аудандағы көпқабатты үйлердің аулаларында қосымша жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Мұндағы мақсат – тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету.

Тиісті жұмыстың нәтижесінде аула аумақтарына барлығы 238 жаңа жарық шамы орнатылды.

Бұл жарық шамдары тұрғындардың кешкі уақытта еркін жүріп-тұруына жағдай жасап, балалардың ойын алаңдарындағы қауіпсіздігін арттыруға, жалпы ауданның көркі мен қауіпсіздік деңгейін жоғарылатуға сеп болады.

 

Абаттандыру жұмыстары ауқымды

Құрылғанына үш жылдың жүзі болған Тұран ауданында абаттандыру жұмыстарында да оң ілгерілеу бар.  Аудан бойынша 383 ойын алаңша,  99 спорт алаңшасы бар. 2025 жылы бұл бағытта 32 жобаны іске асыру жоспарға енгізілген. Қазіргі таңда 3 балалар ойын алаңшасы салынып, пайдалануға берілді. Олар – Сулейменов және Хайрулин көшесі, Диваев көшесі №142 Б, Орманов көшесі №40, №42 мекен-жайдағы ойын алаңшалар.

Тұран ауданында тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында балалар және спорт алаңшаларының құрылысы жоспарлы түрде іске асырылып келеді. Қазіргі таңда ауданда 17 жоба толығымен аяқталып, тұрғындардың игілігіне берілді. Сонымен қатар, 15 нысанның құрылысы қарқынды жүргізіліп, аула инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыс жалғасуда.

Жоба аясында балаларға арналған ойын элементтері, спортпен айналысуға қажетті заманауи жабдықтар орнатылып, қауіпсіздік талаптары толық сақталуда. Алаңшалар тек балалар мен жастар үшін ғана емес, жалпы тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді.

Аудан аумағында көгаландыру және абаттандыру жұмыстарының үлесін арттыру мақсатында 5 жерге әмебебап демалыс орындарын салу жоспарланып, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда: Р.Қабылбеков көшесі бойында инвестиция жобасы аясында гүлзар құрылысы аяқталды. Ұ.Арғынбеков және С.Бәйтереков көшелері қиылысына 0,15 га жерге гүлзар салынып, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, Ю.Гагарин №32, №34, №40, №42 үйлердің аумағына, Т.Рысқұлов және А.Байтұрсынов көшелерінің қиылысына (0,10 га), Диваев көшесіне (0.10 га) жерге гүлзар салынуда.

Аудан аумағындағы орталық аумақта, Диваев және Орманов көшелерінің бойында «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС тарапынан гүлзар салу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар инвестициялық жоба шеңберінде жүзеге асырылып, жоспарланған мерзімде аяқталу көзделген.

Аумақта көпқабатты үйлердің сыртқы қасбеттерін көріктендіру, мурал салу жұмыстары да назарда тұр. Биылға дейін аудан аумағында көпқабатты 29 тұрғын үйдің сыртқы қасбеттері жарықтандырылған болатын. 2025 жылы қосымша 20 үй жарықтандырылды (аудан бойынша барлығы 49 үй). 2025 жылға 9 үйге мурал салу жоспарланса, қазіргі таңда 9 үйде бұл жұмыстар толығымен орындалды.

Жалпы айтқанда, 21 шағын ауданнан тұратын аумақта бүгінде 232 мыңнан астам халық тұрады. Тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, инженерлік, жол инфрақұрылымы, көріктендіру және тағы басқа бағыттарда тиісті жұмыстар жүзеге асып келеді.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың Тұран ауданы тұрғындармен көшпелі кездесуінде қоғамдық орындар мен аулаларды, көшелерді және Қошқар ата өзені жағалауын абаттандыру және тазалығын қамтуға қатысты өзекті мәселелер көтерілген болатын.

Мегаполис басшысы қала аумағында тазалық пен тәртіпті сақтауда тұрғындарды жауапкершілік танытуға шақырып, таза және жайлы ортаны қалыптастыруда жергілікті халықтың түсіністік білдіруі маңызды екеніне тоқталды.

Бұдан бөлек, азаматтар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, сапалы жылу, коммуналдық және кәсіпкерлік нысандардың жұмысы мен балалар, спорт алаңдарын жаңартуға қатысты ұсыныстарын білдірді.

Тұрғындардың бастамалары ескеріліп, алдағы уақытта жұмыс жоспары аясында қарастырылмақ. Шаһар басшысы аудан әкімдігі мен тиісті басқармалардың басшыларына көтерілген мәселелерді жедел шешіп, халыққа қолайлы жағдай жасауда нақты тапсырмалар берді.

 

Ә.АЙТӨРЕ

 

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win