Редакция таңдауы

ТУРИЗМ ӘЛЕУЕТІНІҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙМЕК

Шымкентте «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен 29-31 шілде аралығында қонақ үй қызметкерлері, рестораторлар, бизнес әкімшілер мен гид-экскурсоводтарға арналған оқыту семинары өтіп жатыр. Семинарда практикалық біліммен қатар, табысты жұмыс істеудің қыр-сыры үйретілмек.

Семинар спикерлері – туристік индустрияда тәжірибесі мол, танымал мамандар. Жиында қонақжайлылық индустриясында 25 жылдан астам тәжірибесі бар, қонақ үй бизнесін дамыту бойынша сарапшы, Sheraton, Hilton Hotels және Emirates Airline халықаралық компанияларында қызмет еткен, ICBT халықаралық мектебінің бизнес-тренерлерді даярлау бойынша сертификатының иегері Диана Урманова тәжірибесімен бөлісті. Ал, қоғамдық тамақтану саласы бойынша сарапшы, PhD, қызмет көрсетуші персоналды кәсіби даярлаудың мектебінің негізін қалаушы Александр Машков шеберлік сағатын өткізді.

Жиын барысындағы дәрістер күрделі жағдайлардағы жұмыс (проблемалық туристер), жергілікті қауымдастықтарды тарту арқылы бірегей туристік маршруттарды құрастыру, туристік өнімдерді жекелендіру және тиімді таныстыру, кері байланыс және клиентке бағдарланған қызмет көрсету дағдылары бағыттарын қамтиды.

АҚШ-тың Бостон қаласындағы Grand Circle Corporation компаниясында 12 жыл жұмыс істеп, турлидерден бастап корпоративтік тренер және аймақтық сапа директоры қызметтерін атқарған кәсіби мамандар гид-экскурсоводтарға дәріс берді.

Айта кетейік, бұған дейін де қонақжайлылық саласындағы сервисті жақсарту мақсатында бірнеше ауқымды семинар-тренинг өткізілген болатын. Бұл – «Visit Shymkent» ТАО-ң ұйымдастыруымен өтіп жатқан  бесінші жиын.

Осы жылдар аралығында отандық мамандармен бірге Түркия, Ресей Федерациясы және Өзбекстаннан келген білікті  мамандар өз тәжірибесімен бөлісіп, туристік индустрияның 340-тан астам өкілі біліктілік арттырып, арнайы сертификат алған.

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win