Редакция таңдауы

Үшем келді дүниеге, үшем келді!

Шымкент осы күндері ерекше қуаныш пен бақыттың құшағында тербеліп тұр. Ел демографиясының сенімді тірегіне айналған Шымқаланың 24 жастағы тұрғыны Феруза Рахимова алғашқы жүктілігінде үшем – екі ұл және бір қызды дүниеге әкелді.

Сәбилер жүктіліктің 31-аптасында мерзімінен бұрын туылып, бірден дәрігерлердің жіті бақылауына алынды. Бастапқыда жағдайлары ауыр болғандықтан, жаңа туған нәрестелер біраз уақыт арнайы аппараттың көмегімен тыныс алып, жансақтау бөлімінде ем қабылдады. Алайда, әуелі Алланың қалауы, одан кейін ақ халатты абзал жандардың кәсіби көмегінің арқасында үшемдер қажетті ем-домдарын алып, салмақ қосып, ана сүтімен қоректене бастады. Қазір ана мен сәбилердің жағдайы жақсы.

Жалпы, жыл басынан бері Шымкент қаласында 12 648 нәресте дүниеге келген. Оның ішінде 149 егіз және 3 үшем тіркеліп отыр.

Жаңа өмір есігін ашқан үш сәбиге зор денсаулық, ал жас анаға күш-қуат пен шаттық тілейміз!

 

Соңғы жаңалықтар