Редакция таңдауы

Ұлттық Банк «Gold Coin» жобасы аясында ÚKI инвестициялықмонетасы айналымға шығатынын хабарлайды

Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 17 наурыздан бастап инвестициялық монетаның цифрлық баламасы – Gold Coin жобасы іске қосылатынын хабарлайды.

Жаңа инвестициялық құралды «Астана» халықаралық қаржы орталығы (Astana International Exchange, AIX) биржасының Tabys мобильді қосымшасында сатып алуға болады.

Gold Coin жобасының мақсаты – Қазақстан азаматтарына заманауи технология мен цифрлық экономика жағдайында инвестициялауға және капитал жинақтауға балама көз ұсыну.

Gold Coin-ның бір бірлігі алтынның 1/20 троя унциясына тең. Оның құны Лондонның бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығы (LBMA) белгілеген алтын бағасына және сатып алу/сату күні алдындағы теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамына байланысты болады.

Tabys мобильді қосымшасын пайдаланушы онлайн режимінде Gold Coin сатып ала алады, оны және сатуға да, сыйға тартуға да мүмкіндік бар. Сондай-ақ, жиырма эквивалент (бірлік) жинақталғанда, Gold Coin-ды Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарында заттай алтын – ÚKI инвестициялық монетасына айырбастауға болады.

Gold Coin жобасы туралы ақпаратпен Ұлттық Банктің Youtube арнасында танысуға болады.

Номиналы 100 теңгелік Au 999,9 алтынынан жасалған, салмағы 31,1 грамм/1 троя унция ÚKI инвестициялық монетасы

Анықтама:

Инвестициялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша олардың номиналды құнына сай қабылдануға, банк шоттарына қабылдауға және елдің барлық банкінде аударым жасауға, айырбастауға жатады. Инвестициялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалады.

«TABYS» мобильді қосымшасы
«ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ» РММ Шымкент филиалы

Соңғы жаңалықтар