Редакция таңдауы

Ұлттық спортты дамыту мәселелері талқыға түсті

Қаладағы ұлттық спорт түрлерінің даму жоспарларын талқылау және ұлттық спорт федерацияларының есебін тыңдау бойынша арнайы жиын өтті. Шымкент қаласы денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Ермек Дәрменов, қалалық ұлттық спорт федерация өкілдері, спорт мектебі басшылары мен жаттықтырушылар қатысып, пікір алмасты.

Шымкент қаласында жалпы 10 ұлттық спорт түрі дамытылуда. Соңғы жылдары барлық спорт түрлерінен халықаралық турнирлер өтіп, қажетті жағдайлар жасалуда. Ендігі кезекте жоғары жетістіктерге қол жеткізу – басты назарда.

Биылдан бастап ұлттық спорт олимпиадалық спорт түрлерімен қатар басымдыққа ие болды.  Бұл ұлттық спортты мақсатты түрде қаржыландыруға және оны жоғары жетістіктер спорты ретінде тануға жол ашады. Осы орайда басқарма, спорт мектебі басшылары, федерация өкілдері жоспарлар түзіп, бірқатар мәселелерді талқыға салды.
Ермек Аманжолұлы ұлттық спорт мектебі басшыларына ұлттық спортты насихаттау, резерв қалыптастыру керек екенін баса айтты.

Басқосуда ұлттық спорт федерацияларының өкілдері де есеп беріп, алдағы жоспарлардан хабардар етті. Көкпар федерациясының президенті
Балтабай Асан, тағы басқа федерация өкілдері ақпараттық-насихатық жұмыстарды күшейту керек екенін алға тартты. Сондай-ақ, жиында бірқатар ұсысыныстар айтылды.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win