Редакция таңдауы

Ұлықбектің шәкірттері абай оқуларында озат атанды

Шымкент қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №50 мектеп-гимназияда қалалық Абай оқулары байқауының аудандық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты іс-шара өтті. Онда Тұран ауданы бойынша үздік атанған оқушылар мен олардың жетекшілері марапатталып, оларға арнайы дипломдар және сыйлықтар тапсырылды.

Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес өткен бұл байқаудың мақсаты – Абай Құнанбайұлының шығармашылығын, әдеби және рухани мұрасын кеңінен насихаттап, жас ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру, сондай-ақ, оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

Хакім Абайдың өлеңдерін жатқа оқып, оның шығармашылығын жетік білетінін көрсеткендердің қатарында Ұлықбек атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары ерекше көзге түсіп, бірнеше жүлделі орынды иеленді.

Атап айтқанда, 9 сынып оқушысы Абдукахарова Райхан (жетекшісі – Шаманбетова Ф.К.), 7 «Ә» сынып оқушысы Бахаубеден Айару (жетекшісі – Сәрсенбаева А.У) және 4 сынып оқушысы Ирискулова Диляра (жетекшісі, – Өсербаева Г.М.) жүлделі ІІІ орынды иеленді. Ал, 5 сынып оқушысы Юсупжанова Согдиана (жетекшісі – Маймакова Г.) II орынды жеңіп алды.

Мектеп әкімшілігі жүлдегер атанған оқушыларға және олардың жетекшілеріне алғысын білдіре отырып, табыс тіледі.

Б.БЕРДІБЕК

Соңғы жаңалықтар