Редакция таңдауы

Ұстазға алғыс мемлекеттік тілге құрметтің белгісі

Мемлекеттік тілді меңгеру – әрбір азаматтың парызы. Осы бағытта үздіксіз еңбек етіп жүрген тіл мамандарының еңбегі қашанда зор.  Kegoc мекеме қызметкерлерімен жұмыс істеп жүрген  Шымкент қалалық Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының оқытушысы Гүлшахар Өтебайқызына алғысын жеткізгісі келетінін айтты.


Гүлшахар Өтебайқызы  нағыз маман десек артық емес. Себебі, сабақтарын ерекше қызығушылық тудырып, нақты нәтижесімен өткізуге тырысатыны әр сабақта аяқтан тік тұрып, бар ынтасымен, шаршамай түсіндіруінде көрініп тұрады. Осы орайда біз курсқа қатысушы бірнеше қызметкермен шағын сұқбаттасып, олардың әсерін жеткізуге тырыстық.

Марина Ли, бөлім инженері: – Қазақ тілін үйренуге бұрын да талпынып жүрдік, алайда жүйелі түрде меңгеру қиын болатын. Апайымыз әр сабақты өте түсінікті, жеңіл тілмен бастайды. Алғашқы деңгейде грамматикаға, жалғаулардың қызметі мен дұрыс жалғану ретіне ерекше көңіл бөлді. Соның арқасында сөйлем құрау біз үшін жеңілдей түсті, – дейді ол.


Людмила,  жетекші инженер: – Сабақтардың ең ұнаған тұсы – келесі деңгейде тыңдалым арқылы сөйлеуге үйретуі. Біз тек ереже жаттап қоймай, тыңдай отырып, өз ойымызды айтуға дағдыландық. Сабаққа деген қызығушылығымыз артып, қазақ тілінде еркін сөйлеуге деген сенім пайда болды, – деп бөлісті.


Ольга, инженер – апайымыздың әдісі ерекше. Әр қызметкерді сөйлетуге тырысады, қателесуден қорықпауға үйретеді. Сабақ барысында уақыттың қалай өткенін де байқамай қаламыз. Бұл – нағыз кәсіби ұстаздың белгісі, – дейді.

Қорыта айтқанда, КЕГОК қызметкерлері үшін бұл курс тек тіл үйрену алаңы ғана емес, мемлекеттік тілге деген құрметті арттыратын маңызды орта болды.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win