Редакция таңдауы

Заң мен қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

Мемлекет басшысының 09.02.2024 жылғы Жолдауында «Заң мен тәртіп» қоғам мен мемлекеттің қызмет етуінің негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалған.

Мұндай принципті сақтау Конституцияның нормаларын, оған сәйкес заңдарды, құқықтық актілерді, халықаралық шарттық және Республиканың басқа да міндеттемелерін орындауға негізделгені белгілі.

«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес қоғамдық қауiпсiздiк – қоғамның тұтастығы мен оның тұрақтылығы қамтамасыз етілетін азаматтар өмiрiнiң, денсаулығының және амандығының, қазақстандық қоғамның рухани-имандылық құндылықтарының және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің нақты әрі ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі.

Сондықтан құқық қорғау органдары мен басқа да жауапты мекемелер азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заңнамада қарастрылған кешенді шараларды қабылдауға және құқық бұзушыларға қатысты қатаң шараларды қолдануға бағытталған.

Айта кету керек, әрбір адам өз әрекеті, шешімдері мен олардың салдары үшін жеке жауапты болуы керек.

Заң мен тәртіпті сақтау әрқашан әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын және мемлекеттің қоғамдық қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз етудің негізі болады.

Заң мен қоғамдық тәртіп талаптарын сақтау – бейбіт және дамыған қоғамның негізі.

Еңбекші ауданының прокуратурасы

Соңғы жаңалықтар