Редакция таңдауы

Заң саласының үздіктері марапатталды

Шымкент қаласы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейтойына арналған «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» атты салтанатты іс-шара өтті.

Шараға қала әкімі аппараты қызметкерлері, мәслихат депутаттары, Адвокаттар алқасы, Нотариустер және Жеке сот орындаушылар палатасының басшылары, сондай-ақ, нотариустар, адвокаттар, заң кеңесшілері, жеке сот орындаушылары мен сот-медициналық сараптама орталығының өкілдері қатысты.

Жиынды Шымкент қаласы Әділет департаментінің басшысы Айнұр Исабекова ашып, Конституцияның ел дамуындағы рөлі мен әділет органдарының осы бағыттағы жұмысын атап өтті.

Іс-шара барысында Оңтүстік Қазақстан университетінің профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Асқат Есенәлиев Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мазмұнды баяндама жасады. Сонымен қатар қатысушылар арасында Тәуелсіздік пен Конституция тақырыптарына арналған викторина ұйымдастырылып, әділет органдарының қызметін таныстыратын бейнеролик көрсетілді.

Шара соңында заң саласында абыройлы еңбек етіп жүрген бірқатар сала мамандары — нотариустар, адвокаттар, заң кеңесшілері мен жеке сот орындаушылар — қала әкімінің, мәслихат хатшысының, сондай-ақ Әділет министрлігі мен Әділет департаментінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Іс-шара Конституцияның 30 жылдығын лайықты атап өтудің және заң үстемдігін нығайту жолындағы адал қызметтің маңызын айшықтауға бағытталды.

Г.ТЕМІРХАНҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win