Редакция таңдауы

«Заң және Тәртіп» – мемлекеттік құрылыстың негізгі қағидасы болып табылады

Заңдылық пен тәртіп кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының негізі болып табылады, мемлекеттік институттардың тиімді жұмыс істеуі мемлекеттік органдардың да, азаматтық қоғамның да заң нормаларын қатаң сақтауымен ғана мүмкін болады. Бұл құқықтық мемлекетті нығайтуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға және халықтың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға деген ұмтылысты көрсетеді.

«Заң және Тәртіп» қағидаты заңнаманың орындалуына мемлекеттік бақылауды күшейтуге, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыруға және іс жүзінде әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған.

«Заң және Тәртіп» қағидасына бас назар аудару мемлекеттің қауіпсіздік саясатын, оның ішінде құқық қорғау органдарын, құқықтық тәртіпті және оның тетіктерін дамытуды жалғастыратынын білдіреді.

Қоғамдық сананың белсенді трансформациясы жағдайында, оның ішінде реформалар мен цифрландырудың әсерінен азаматтардың құқықтарын қорғауға, құқықтық сананы қалыптастыруға және халықтың билікке сенім деңгейін арттыруға кепілдік беретін тетіктерді құру маңызды.

Осылайша, «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын заң үстемдігі қағидаттарына, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін күшейтуге, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоғамды топтастыруға берілгендік декларациясы ретінде қарастыруға болады.

Құқықтық мемлекетте заң қарапайым азамат үшін де, мемлекеттік қызметкерлер үшін де міндетті. Бұл әрбір адамның құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін, сонымен бірге оған міндеттер жүктейтін қоғамдық келісімнің негізі. Әрбір азамат салық төлеуден бастап жол қозғалысы ережелеріне дейінгі заңнамасын сақтауы керек.

Бизнес қауымдастық пен жеке сектор көлеңкелі экономиканы болдырмайтын ашық ережелер бойынша жұмыс істеуі керек.

«Заң және Тәртіп» принципі барлығына қатысты болуы керек, бірақ оны сақтау тек құқықтық теңдік болған жағдайда ғана мүмкін болады, сот жүйесі – тәуелсіз, полиция – әділ және мемлекеттік органдар – қолжетімді болуы керек.

Осылайша, заңдарды сақтау тұрақты және гүлденген қоғамның негізі болып табылады. Әрбір азамат өзіне және қоғамның басқада барлық мүшелеріне қолайлы жағдай жасау үшін өз жауапкершілігін сезініп, заңдарды сақтауы керек.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының прокуратурасы

Соңғы жаңалықтар