
«Отбасы банктің» баспасөз қызметі 12 қаңтар сағат 19:00-ден бастап enpf-otbasy.kz платформасында бірыңғай зейнатақы жинақтары (БЗЖ) есебінен емделуге өтінімдер қабылдау тоқтатылғанын хабарлады. «Отбасы банкі» Денсаулық сақтау министрлігі және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, БЗЖ есебінен медициналық қызметтерді алуға қойылатын талаптарды қайта қарайды. Сондай-ақ зейнетақы жинағындағы шектен артық соманы мақсатсыз пайдалануды болдырмау үшін ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру тетіктерін пысықтайды», делінген банктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Зейнетақы жинағын пайдалану арқылы емдеуге өтінімдерді қабылдауды қайта бастауға қатысты талаптар түзету аяқталғаннан кейін қосымша хабарланады.
