Редакция таңдауы

Жаңа Конституция жобасы жоғары оқу орындарында насихатталды

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма мүшесі – Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабектің қатысуымен жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған жиын өтті. Аталған іс-шараның мақсаты – Конституция жобасының негізгі бағыттарын жан-жақты түсіндіру және оны жоғары білім беру саласында насихаттау, талқылау болды.

Жиынға факультет декандары, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлар, мәдениет және жастар ісіне жауапты мамандар, сондай-ақ университеттің медиаорталық қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасындағы өзгерістер мен толықтырулар, олардың қоғам өміріндегі маңызы, әсіресе жастар үшін өзекті тұстары айтылды.

Баршагүл Қашқынқызы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Конституциялық реформалардың мәнін дұрыс жеткізудің маңызына тоқталды. Сонымен қатар, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру, түрлі форматтағы іс-шаралар өткізу және медиа ресурстарды тиімді пайдалану қажеттігі атап өтілді. Жиын қорытындысы бойынша қатысушыларға жаңа Конституция жобасын түсіндіру бағытында нақты тапсырмалар беріліп, алдағы кезеңге жұмыс жоспары айқындалды.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win