Шымкент қаласында мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үй кезегіндегі 144 отбасы арендалық пәтерлермен қамтылды. Оның ішінде 17 пәтер көп балалы отбасыларға, 106 пәтер халықтың әлеуметтік әлсіз тобындағы азаматтарға берілсе, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 21 пәтер табысталды.
Бүгінде пәтер иелерімен келісімшарттар жасалуда. Жаңа баспаналар Тұран шағын ауданында орналасқан.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік бағдарламалар арқылы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – бұл қаланың әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі. Бағдарламалар шеңберінде көпбалалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік әлсіз тобындағы азаматтарға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетілуде.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі