Редакция таңдауы

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІСТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Білім мен ғылым елдің еңсесін көтеретін және қоғамның келешегін айқындайтын басты құндылықтар қатарында екені белгілі. Өркениетке ұмтылған халық әрдайым ағартушылықты тірек етіп, ғылымды даму жолының негізгі ұстындарының бірі ретінде бағалаған. Терең білімге ие, дүниетанымы кең, жаңалыққа бейім ұрпақ қалыптасқан кезде ғана мемлекеттің іргесі беки түседі, рухани және экономикалық әлеуеті артады. Уақыт алға жылжыған сайын ғылым мен технологияның маңызы айрықша күшейіп, әлемдік бәсекеде бағыты айқын ел ғана алға оза бастары белгілі.

Қазақстан тәуелсіздік жылдарында білім беру жүйесін жетілдіруге және ғылымды дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді. Мұғалімдердің мәртебесін көтеру, оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау, жоғары білім беру кеңістігінде жаңа мүмкіндіктер ашу сияқты көптеген шара мемлекеттік саясаттың өзегіне айналды. Балаларға арналған жаңа мектеп ғимараттарының салынуы, ауылдық жерлердегі білім беру нысандарының жаңаруы, ғылыми орталықтар мен зертханалардың жаңғыртылуы елдің білім мен ғылымға деген қамқорлығының нақты көрінісін білдіреді.

Білім мен ғылым саласына жасалған әрбір қадам–ұлттың ертеңіне бағытталған берік инвестиция. Ғылыми ізденісті қолдау, жас буынның танымдық өрісін кеңейту, жаңа идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беру – қоғамның дамуына жол ашатын игілікті істердің бірі. Қазақстан осы бағыттағы ұмтылыстарды жалғастырып, әлемдік білім кеңістігімен өзара байланысын күшейтуге және жаңа белестерге қадам басуға ынта танытып келеді.

Осы орайда Шымкент қаласында «Жаратылыстану пәндерін оқытудағы зерттеу әдістері: тәжірибе мен нәтиже» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға жоғары оқу орындарының ғалымдары, мектеп директорлары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары, жалпы орта білім беру мекемелерінің мұғалімдері қатысты.

Сондай-ақ, Астана, Шымкент қалаларынан және Солтүстік Қазақстан, Атырау, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстарынан онлайн және офлайн форматта қосылғандардың жалпы саны 300 адамды қамтыды.

Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен №144 жалпы орта білім беретін мектеп базасында өткен бұл алқалы жиынның басты мақсаты жаратылыстану-математикалық бағыттағы білім беруде пән мұғалімдерінің бірізділігін қамтамасыз ету, оқыту мен тәрбиеде зерттеу әдістерін тиімді пайдалану арқылы оқушылардың ғылыми сауаттылығын дамыту, саланың өзекті мәселелерін талқылау және үздік педагогикалық тәжірибелерді насихаттауға бағытталды.

Конференцияға жиналғандар жаратылыстану пәндерін оқытудағы жаңа тәсілдер, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, білім сапасын жақсартуға бағытталған әдістемелік ұсыныстар туралы мазмұнды ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен бірге, жиын барысында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда зерттеу әдістерін қолдану тәжірибесі кеңінен талқыланып, мұғалімдердің шығармашылық ізденісі мен креативті идеяларын жүзеге асыру жолдары көрсетілді. Яғни, оқыту ісіндегі жаңашыл әдістерді ұсынып, тиімді практикалық жұмыстарын таныстырды.

Конференция қорытындысында білім беру процесіне енгізуге арналған ұсыныстар мен резолюция қабылданып, үздік баяндамалар мен тәжірибелік жұмыстардың нәтижелерінен құралған ғылыми-әдістемелік материалдар жинақталды. Іс-шара педагогтардың кәсіби дамуына жаңа серпін беріп, білім беру саласында тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналды.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win