Редакция таңдауы

Жарық пен жолға қатысты тапсырмалар пысықталды

Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков-тің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде электр жүйелерін жақсарту, жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарлары, цифрландыру шаралары талқыланды.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-інің бас директоры А.Махамбет мегаполис аумағындағы электр жүйелерінде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Бүгінде қаладағы электр жүйелерінің техникалық жағдайы қанағаттанарлық, 2024 жылдың қорытындысы бойынша желілердің тозу дәрежесі 57 пайызды құрады.

Қала басшысы жауаптыларға әлеуметтік маңызы бар нысандарда баламалы энергия көздерін қолдану, «Қызыл Су» қосалқы станциясының құрылысын бастау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р.Ибрагимов 2025 жылға арналған негізгі бағыттар мен жоспарлармен бөлісті. Қалада көлік инфрақұрылымын кешенді дамыту бағытында ұзындығы 45,7 шақырымды құрайтын 15 ірі жоба іске асырылуда. Сонымен қатар 1 көпір және 6 көшені күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, жалпы ұзындығы 201 шақырым болатын 323 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жауаптыларға биыл қала көшелерін толық жарықтандырып, барлық жұмысты сапалы орындау, әрі мерзімінде аяқтау тапсырылды.

Цифрландыру басқармасының басшысы М.Кемелов атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелерді баяндады. Сонымен қатар, кейбір қызметтердің цифлық қолданбаларын енгізу бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Ғабит Әбдімәжитұлы қала аумағында бейнебақылау камераларын көбейтуге, халыққа пайдалы жаңа жобаларды тиімді жүзеге асыруға қатысты нақты тапсырмалар берді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар