Редакция таңдауы

Жасөспірімдер арасында біріншілік өтті

Шымкентте жасөспірімдер арасында футболдан мектеп біріншілігі өтті. Біріншілікте 2009-2010 жылдары туған жас спортшылардан құралған командалар бақ сынады.

Жарыс Шымкенттегі №17 футболдан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жетекшілігімен 30 шілде мен 1 тамыз аралығында өтті. Командалар күн сайын сағат 09:00 мен 13:00 аралығында «Локомотив» стадионында (Қабанбай батыр даңғылы, 5б) кездесу өткізді. Турнирге 2009-2010 жылы туған жеткіншектерден құралған 6 команда – «Барыс», «Локомотив», «Металлург», «Асар», «Қазығұрт», «Сайрам» құрамалары қатысты.

«Құқық бұзушылыққа жол жоқ» тақырыбы аясында ұйымдастырылған турнир салауатты өмір салтын насихаттап, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ дарынды спортшыларды анықтап, оларды жоғары деңгейдегі жарыстарға дайындау мақсатында қолға алынып отыр. Мұндай жарыстар жеткіншектердің бойына тәртіп, жауапкершілік сынды қасиеттерді де сіңіреді.

Айта кетейік, бұл біріншілік ұлттық құрамаға іріктеу кезеңі ретінде өткізіліп отыр.

«ШК»-ақпарат

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win