Редакция таңдауы

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

Құрметті әлеуетті сауда-саттық қатысушылары! Шымкент  қаласы әкімдігінің «Шымкент қаласы жер қатынастары басқармасы» ММ 2025 жылдың 3-4 шілде күндері күндері сағат 10:00-ден бастап Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.e-kazyna.kz веб-порталында (бұдан әрі – Портал) бағаны көтеру әдісімен жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша электрондық аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды.
Аукционға қатысуға өтінімдер беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы «Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту туралы» № 920 қаулысына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығымен бекітілген Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу тізілімнің веб-порталында аукцион өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жүзеге асырылады және аукцион басталғанға дейін 5минут бұрын аяқталады, ол аяқталғаннан кейін қатысушылар берілген өтінімді кері қайтарып ала алмайды.
Аукционға қатысу үшін тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
4) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, e-mail).
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған қатысу өтінімін тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
Ауыртпалықтар тізбесі-Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 65 бабына сәйкес.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілімнің веб-порталымен өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі. (Аукцион залы – аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі).Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласының уақытында сату объектісінің бастапқы бағасын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен басталады.
Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткізілген күні тізілімнің веб-порталында қол қояды.
Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату бағасы бойынша сату объектісін сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.
алу-сату шарты немесе жалдау шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қол қояды.
Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың деректемелеріне енгізіледі:
Төлем алушы:” Ақпараттық-есептеу орталығы ” АҚ
БСН: 050540004455; ТТК: 171; Кбе: 16.
“Қазақстан Халық банкі” АҚ-дағы есеп айырысу шоты (IBAN/ЖСК): KZ946017111000000330; БСК:HSBKKZKX.
НАЗАР аударыңыз! Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қойылмаған жағдайларда жеңімпазға кепілдік жарна қайтарылмайды.
Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысушыдан бірыңғай операторға өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.
Ұйымдастырушы: Шымкент қаласы әкімдігінің «Шымкент қаласы жер қатынастары басқармасы» ММ Ақпарат үшін телефон: 8/7252/ 39-44-27 /ішкі-114/

Соңғы жаңалықтар