Редакция таңдауы

Житс орталығында «өмір аллеясы» ашылды

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Шымкент қалалық ЖИТС орталығында «Өмір аллеясы» ашылды. Әлеуметтік маңызды бұл іс-шараға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысты.

Аллеяның мәрмәр белгісінің ашылу рәсімін Қазақстанның құрметті журналисі, ардагер С.Жексенбаев және «Ай-ана» қоғамдық бірлестігінің координаторы С.Ширяев жүргізді. Іс-шара аясында қатысушылар қарағай көшеттерін отырғызды.

«Өмір аллеясының» ашылуы ЖИТС орталығы басшылығының бастамасымен, «Ай-ана» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен және Жаһандық қордың қаржыландыруы негізінде жүзеге асырылды. Егілген әр ағаш жай ғана көгалдандыру элементі емес, аллеяға үміт пен тұрақтылықтың мағынасын береді, сондай-ақ, қиындықтарға қарамастан өмірдің жалғаса беретінін көрсетеді.

Айта кетейік, Шымкент қаласының ЖИТС орталығында 94 пайыздық статустағы науқастарда вирустық супрессияға қол жеткізілді. Жүкті әйелдерде АИТВ-инфекциясын дер кезінде анықтау және анадан балаға берілуінің алдын алу шаралары нәтиже беріп, Шымкентте бүгінге дейін осындай статусты аналардан денсаулығы қалыпты 620 сәби дүниеге келді.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win