Версия для печати

Білімге құштар – Сингапур

Пятница, 16 Февраль 2018 11:00 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 5308 раз
Оцените материал
(0 голосов)

1950 жылдан бері дами бастаған Сингапур елі бүгінде әлемнің қаржы, транспорт және сауда орталығына айналды.

nazarbaev-mektepБұл ғажайып аралда 1821 жылдары 1000-ға жуық қана халық болған екен. Негізгі халқы қытай, малай, үнді ұлттарынан құралғанымен, өздері бір ел болып, бөлінбей өмір сүруде. Ең бастысы еңбекқор, үнемшіл, білім алуға құмар. Сингапур аймақтық білім беру орталығы ең үздік мектептерді ашып, үнемі мұғалімдерінің біліктілігін көтерумен айналысты, ал университеттерінде ең жоғары деңгейде білім беру қолға алынды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» қолдауымен Қазақстанның әр аумағындағы Зияткерлік мектептердің педагог- кітапханашылары осы елде біліктілігін арттыру курсына қатысты. Сингапур қаласына келгенде бетімізге ыстық леп келді, температурасы 24 - 31ºC, жел жоқ. Аэропорттың өзі кішігірім қала іспеттес, автобуспен айналып біраз уақыт жүрдік. Қала көшелерінде бұрын соңды көрмеген ағаштар отырғызылған. Жасыл қаланың көліктері де аз, халық көбінесе метроны қолданады.

Біздің мектептердің серіктесі FIF technology университетінен Мистер Гарри бізді қарсы алып, жайғастырғаннан соң, елдің және отельдің ережелерімен таныстырды. Ең қызығы сағыз шайнауға болмайтын заңы бар екен, айыппұл құны 500$ көлемінде. Біздегі сағыздар ол жерде кәмпит түрінде сатылады. Сонымен қатар, жолда жүруге өз атымызға тіркелген карточкалар таратты, оны метро мен автобустарда қолдандық. Сингапурдың жер көлемі 719,9 шаршы метр болғандықтан, барлық жерді көріп шығуға мүмкіндік бар.
Келесі күні курсты FIF Technologies қызметкерлері Мисс Эвилин Чу мен Мэвис Ли өткізді. Олардың айтуынша, елдің ең басты капиталы білімді балалар, сол үшін әрбір ата-ана баласының білім алуына бар күшін жұмсайды. Балаларына 17 жасқа дейін жақсы білім беру әр ата-ананың негізгі міндеті. Білім беру ағылшын тілінде жүргізіледі және баланың қабілетіне байланысты ғылымды таңдап алу ұсынылады, дегенмен жаратылыстану ғылымына көп көңіл бөлінеді. Білім беру бағдарламасына бүгінгі күннің талабына сай өзгерістер енгізіліп отырылады, өйткені келешек маман иесі өз жұмысында білімін қолдана алуы шарт. Мәдени құндылықтарға өте көп көңіл бөлгендіктен, оқушылардың елінің тарихы мен мәдениетін игеруін үкіметі қатты қадағалайды. Егер мектеп түлегі өмір бойы білім алуды мақсат тұтып, өз білімін жетілдіріп отырса, мұндай көзқарасы бар азаматты әлемнің қай елінде болса да жұмысқа алары сөзсіз деп пайымдайды. Мектепте білім беру ақылы түрде жүргізіледі, жеке меншік мектептер ақысын өздері белгілейді. Оқушыны білім алуға емес, іздену қабілетін арттыруға үйретеді. Мектептің білім беру жүйесі мен мемлекеттің дамуы оларда тығыз байланысты. Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру мақсатында, оқушыны ақпаратты табуға бағыттап, оны қолдану мүмкіндігін ескереді. Мысалы, тарих сабағынан берілген тақырып бойынша оқушылар интернеттен неше түрлі ақпарат алып келеді, бірақ соның түпнұсқасын бірігіп тауып ізденуде көмек береді. Бүгінгі күнде кітапханашы моделі өзгеруде: мұғалім, кітапханашы, менеджер, қаржы менеджері, бағыттаушы серіктес, ақпараттық көмекші рөлінде қызмет атқаруда. Сингапурдағы әр мұғалімнің білім беру мақсатындағы басымдығы - PISA тестілеуіне дайындық болып саналады. Мұғалімдер Білім беру Министірлігі нұсқаулығымен өздері кітапханамен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға тілек білдіреді. Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын бағалау білім берудің ең маңызды бөлігі болып саналады. Мысалы, мобилдік қосымшада оқушылардың сұрақтарға жауап беруі арқылы оқыған кітаптарының саны бойынша анализі шығады. Жыл сайын жаңа бағдарламалар шығып отырғандықтан, оларды игеріп, сабақта қолдану қажеттілігінің туындауына байланысты мектептерде жылына екі рет АҚТ курстары өткізіледі. Жыл сайын мектеп өзін бағалап, стартегиялық жоспар құрып отырады, басты мақсат оқушылардың жетістігіне үлес қосу.
Бағдарлама бойынша шетелдік әріптестеріміз бізді Ұлттық кітапханасын көруге шақырды. 16 қабатты ғимараттың 1 қабатында кітаптар жоқ, кітапхана макетін, кітапхананы қолдану бойынша комиксті стендттерді көруге болады. Кітапханада кітаптарды еркін алып сол жерде оқуға болады. Сонымен қатар, компьютерден қай кітаптың қай этажда, стеллажда, сөреде орналасқанын көруге болады. Одан басқа да Orchard, Esplanade кітапханаларын араладық.

Ата-аналар оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруда маңызды рөл атқарады. Олар кітапханалық «Оқу қызықты: қазір баста!» атты семинарларына қатысады. Министрлікте үлкенге құрмет көрсету бойынша арнайы бөлім жұмыс істейді. Олардың жұмыстарын біз Discovery center орталығындағы «Бір бірлеріңізді бағалаңыздар, ең құнды – сіз!», «Ата-анаңыз қартайғанда кіммен қалады?» деген айнадағы жазбалардан көрдік.

Ең қызықтырғаны «Ғылыми орталық» болды. Бұл орталықта оқушылардың барлық нәрсені ойын түрінде зерттеп көруіне жағдай жасаған. Ғимараттың жанындағы жерге резеңке үгінділерден жасалған алаңда су шашатын автоматтар орнатылған, жерде кішірек су айналдыратын дөңгелегі бар кішкене өзен түрінде жасалған макетте балалар ойнап отырды, жер фонтандары да бар. Түнгі сафариде әр аңға бөлек орын жасап, тура бір еркін жүргендей көрінбейтін қоршау жасаған. Әлемге әйгілі Ботаникалық бағында әлемнің түкпір түкпірінен әкелінген ағаштар мен гүлдерді көріп, жоғарыға шыққан сайын керемет әсер аласыз. Бізде тек қана үйде өсетін орхидеялар осы жерде алаңқайда өсіп тұрғанын көруге болады. Барлығы жасанды жолмен өсірілгенімен, адамның қолынан жасалған небір керемет дүниелерді көріп, таң қалдық. Көшедегі тротуардың үстіне күннен қорғау үшін орнатылған қалқаны да қызығарлық дүние.

Лаура Боранбай,
Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп кітапханасының аға-педагог кітапханашысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.