«7-20-25» қалай жүзеге асуда?

Пятница, 16 Ноябрь 2018 05:27

Шымкентте жуырда «7-20-25» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының іске асу барысы туралы мәжіліс өтті. Жиынға «Нұр Отан» партиясы қоғамдық кеңесінің және қала әкімдігінің тұрғын үй бойынша жауапты мамандары, банктердің өкілдері қатысты.

96

Құрметті cалық төлеушілер!

Четверг, 15 Ноябрь 2018 09:08

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚҚС төлеушілері шот-фактураларды тек электрондық нысанда жазу керек. Аталған талаптар орындалмаған жағдайда, онда ҚР ӘҚБтК-нің 280-1 бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының ҚҚС есепке жатқызуы үшін электрондық нысанда жазып берілген шот-фактура негіз болып табылады.

                                                                                                                                                          

 Еңбекші ауданы    

                                                                                                     бойынша Мемлекеттік кірістер

                                                                                                    басқармасының бас маманы

                                                                                                            О.Сулейменов

Түзетілген шот-фактура бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер және   толықтырулар енгізу, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіні және алушыны ауыстыруға әкеп соқпайтын қателерді түзету қажет болған жағдайда жазып беріледі. Түзетілген шот-фактура жазып берілген кезде бұрын жазып берілген шот-фактураның күші жойылады. 

Түзетілген шот-фактура:

1) шот-фактураларды жазып беруге қойылатын  талаптарға сәйкес келуге  

2) мынадай ақпаратты  шот-фактура түзетілген болып табылатыны туралы белгіні түзетілген шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;   алғашқы шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін; күші жойылатын шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін қамтуға тиіс.  Электрондық нысанда жазып берілген түзетілген шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осындай түзетілген шот-фактураны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібіне сәйкес осындай шот-фактураның жазып берілуіне келіспейтінін  көрсетуге құқылы.

Электрондық шот-фактура

Четверг, 15 Ноябрь 2018 09:01

2017 жылдың 1 қантарындағы Салық кодексінің  263-бабының 2 тармағына сәйкес 2019 ж. 1 қаңтарынан бастап барлық ҚҚС төлеушілері шот-фактураны электрондық нысанда жазып беруге міндетті.

2018 жылдың 1 қантарындағы Салық кодесінің  412-бабына сәйкес шот-фактура салық төлеушінің тұрған жері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері шекарасында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі болмаған жағдайда  қағаз жеткізгіште, телекоммуникациялар желісі болған  жағдайда электрондық нысанда жазып беріледі. Электрондық шот-фактураны енгізу тауар сатушыларға шот-фактураларды электронды түрде жазып беруге мүмкіндік туғызады, бұл мәліметті өңдеу уақытын үнемдеп және шығындарды (қағаз, принтерді пайдалану, пошталық маркалар, жеткізу) азайтып, кәсіпкерлердің шот-фактура жазудағы жұмыс өнімділігін арттырады.

Электронды түрде жазылып, берілетін  шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, жіберу және сақтау электрондық ш/фактураның ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Аумағында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады,  электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде уәкілетті орган растаған техникалық қателіктер туындаған жағдайды қоспағанда, шот-фактура электрондық нысанда жазып беріледі.

Техникалық қателіктер жойылғаннан кейін қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура техникалық қателіктер жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркеуге жатады.

Электрондық нысандағы шот-фактура уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде жазыпберіледі.

Шот-фактурада мыналар:

1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің және алушының сәйкестендіру нөмірі;

2) шот-фактураның реттiк нөмiрi;

3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын дара кәсіпкерлерге қатысты – салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты  және   тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты – атауы. Бұл ретте ұйымдық-құқықтық нысанды көрсету бөлігінде дағдыларға, оның ішінде іскерлік айналымның дағдыларына атауы; сәйкес аббревиатура пайдаланылуы мүмкін.

4) шот-фактура жазып берiлген күн.

5) Салық кодесінің  416-бабында көзделген жағдайларда, өнім берушінің мәртебесі – Комитент немесе  комиссионер.

6) акцизделетін тауарларды өткізген жағдайда шот-фактурада  акциздің сомасы  қосымша көрсетіледі;

7) өткiзiлетiн тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы;

8) салық салынатын (салық салынбайтын) айналымның мөлшерi;

9)қосылған құн салығының мөлшерлемесі;

10) қосылған құн салығының сомасы;

11) қосылған құн салығы ескеріле отырып, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы,

12) тауарларға қатысты – сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасының құны;  шот-фактураның нысаны көрсетілуге тиіс;

 

Уәкілетті орган:

 

электрондық нысанда жазып берілген шот-фактуралардың уақтылы қабылдануы, тіркелуі, өңделуі және берілуі, сондай-ақ олардың сақталуы;

электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген, берілетін мәліметтердің анықтығы;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шот-фактураларда көрсетілген мәліметтердің үшінші тұлғаларға жария етілмеуі үшін жауаптылықта болады.

Шот-фактура электрондық нысанда жазып берілген кезде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактура тіркелген күн жазып берілген күн болып табылады;

электрондық нысанда – айналым жасалған күннен ерте емес және өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.

ҚҚС төлеушілер шот-фактураны электронды түрде жазып берген жағдайда ҚҚС –ың декларациясының сатушы 300.07 қосымшасын, сатып алушы 300.08 қосымшасын толтырмайды.

 

Сыбайлас жемқорлық

Четверг, 15 Ноябрь 2018 08:32

Жемқорлық бұл – қызметтік лауазымды пайдалана отырып, оны жеке мүддеге пайдалану. Жемқорлық, әсіресе мемлекеттік органдарда қауіпті. Тәжірибе көрсеткендей, жемқорлық мемлекеттік басқару жүйесін бұзады, экономиканың дамуына шектеу қояды, әсіресе экономика саласында ұйымдасқан қылмыстың өсуіне мүмкіндік береді. Алайда, көп жағдайда азаматтардың өзі лауазымды қызметкерлердің осындай қадамға баруына себепші болады. Сондықтан да, заң бойынша «алушыға» ғана емес, «берушіге» де жауапкершілік артылған. Мемлекеттік құрылымдардың қандай әрекеттері жемқорлыққа жатады? Басқа мемлекеттік органдар, мекемелердің жұмысына заңсыз жолмен араласу; Қызметтік лауазымды пайдалана отырып, жеке басының не туыстарының материалдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу; Мемлекеттік қызметке заңда белгіленбеген басымдықтарға ие болып өту және өсу; Шешімді дайындау мен қабылдау барысында біреуге заңсыз жолмен басымдық беру; Кәсіпкерлік қызметті не басқа табыс әкелетін саланы жүзеге асыруда заңда белгіленбеген кез келген әрекетпен көмек көрсету; Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру барысында алынған ресми жариялануға жатпайтын ақпаратты жеке мүддеге пайдалану; Заңда жариялауға рұқсат етілген деп бекітілген ақпаратты беруден бас тарту, оны кешіктіру, жалған не толық емес ақпарат беру, заңда жариялауға тиістігі бекітілмеген ақпаратты жеке және заңды тұлғалардан талап ету; Жоғары тұрған ресми тұлғаларға қызметтік емес ілтипат көрсету не сый жасау (әдепті және қонақжайлылық бойынша жалпы қабылданған нормаларға сәйкес символикалық ықылас көрсету, символикалық кәдесыйлар тарту, сонымен қатар, ресми және хаттамалық шараларды өткізуді қоспағанда); Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңдық мүдделерін қанағаттандыруға тосқауыл болу; Мемлекеттік немесе осыған теңестірліген қызметі үшін жеке тұлғалар мен мекемелерден ақшалай, қызметтік және басқа формада сый алу болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қаіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардлаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметі қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.

Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салуатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке болып, ат салысып, қарсы жұиылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

                                                                                                               

Еңбекші ауданы бойынша

                                                                                                         Мемлекеттік кірістер басқармасының

                                                                                                             Мәжбүрлеп өндіру бөлімінің        

                                                                                                                    Жетекші маманы Бекасилова Г

Салық төлеушілер салық органының жұмыс режиміне тәуелді болмай, «салық төлеуші кабинеті» web-қосымшасын қолдана отырып, «электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz)арқылы өздеріне ыңғайлы, кез келген жерден және тәулік бойы мемлекеттік қызмет түрлерін электронды түрде алу мүмкіндігі бар екенін назарыңызға жеткіземіз.

     Сонымен бірге, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы төменде көрсетілген мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі жөнінде хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 239 және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 47 бірлескен бұйрығы   мен бекітілген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштер тізбесі:

     1. Жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі туралы салықтық өтініш.

         2. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш.

         3. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтініш.

      4. Бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша жеке шоттан үзінді көшірме алуға салықтық өтініш.

         5. Тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш.

      6. Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізуге салықтық өтініш.

         7. Салық резиденттігін растауды алуға салықтық өтініш.

         8. Электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш.

   9. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманы алуға салықтық өтініш.

   10. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы салықтық өтініш.

Еңбекші ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы,

Ақпаратты қабылдау және беру

орталығы бөлімінің бас маманы

А.Жумашова

Ағымдағы жылдың 5 маусымында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысының екінші оқылымында «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар жобалары мақұлданған болатын.

Аталған заң жобасы 2017-2022 жылдар кезеңіне арналған құқықтық сауаттандыру саласын жетілдіру бойынша тұжырымдаманы іске асыру бойынша және 2017 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы құқықтық саясат бойынша кеңестің тапсырмасына сәйкес әзірленген.

Заң жобасын әзірлеу мақсаты адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету жүйесін кешенді жетілдіру болып табылды.

2018 жылдың 10 шілдесінде Мемлекет басшысы азаматтарға заң көмегін көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң халықтың әлеуметтік жағынан қоғалмаған топтарына тегін құқықтық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз ететін білікті заң көмегін алудың конституциялық құқығын іске асыруға бағытталған. Заң 4 бөлімнен, 7-тараудан, 98-баптан тұрады.

Заңның 1 бөлімінде негізгі ережелер, заң көмегін көрсетудің қағидаттары және түрлері, кешенді әлеуметтік заң көмегі, Үкіметтің және уәкілетті органның заң көмегін көрсету саласындағы құзіреттілігі айтылған.

2 бөлімінде «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Заңының ережелері сақталған.

3 бөлімінде адвокаттық қызметті жетілдіру бойынша ережелер бар.

Заңның  4 бөлімінде заң консультанттарының құқықтық мәртебесі және заң консультанттары палатасының қызметінің ережелері көрсетілген.  

Заң азаматтардың білікті заң көмегін алу үшін конституциялық құқықтарын іске асыру кезінде құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге және оның құқықтық механизімін жетілдіруге бағытталған.

Заңның негізгі ережелері болып кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету және әлеуметтік  және қаржылық қиын жағдайдағы азаматтар үшін адвокаттан немесе заң кеңсесінен оның құқықтық жағдайын толық сүйемелдейтін заң көмегін алу көзделген.

Мұндай көмек тараптардың келісіміне қарай ерікті және ақысыз көрсетіледі.

Кіру жарнасын алып тастау адвокат кәсібіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді, адвокаттың кәсібіне және бәсекелестікті көтереді және адвокаттар санының көбеуіне алып келеді.

Адвокаттардың бірден бір жетіспеушілігінің себебі болып, өз кезегінде үміткерлер үшін кіру жарнасының көлемінің ауырлығына байланысты болған, яғни осы күнге дейін кіру жарнасының көлемі 700-800 мың болған.

2011 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін адвокаттық қызметпен лицензия алу құқығына 10 588 лицензия берілген.

2018 жылдың 1 сәуіріне дейін адвокаттық қызметпен айналысып жатқан адвокаттар саны 4733 (2017 жылы-4 634), былтырғы жылмен салыстырғанда 99 адвокатқа көбейген. Соңғы төрт жылда адвокаттар саны бар-жоғы 7-8 % көтерілген (300-400 адвокатқа).

Заңдағы мүліктік кедергіні алып тастау адвокаттық қызметке деген қолжетімділікті қамтамасыз етеді, жас заңгерлердің адвокат кәсібіне кіруіне мүмкіндік береді және адвокаттар арасында бәсекелестік көтеріледі.

Жаңа заңда аттестация өткізу тәртібі және адвокаттың кәсіби біліктілігін қарау тәртібі қарастырылған.

Қазақстанда адвокаттардың біліктілігін көтеру механизмі қарастырылмаған. Дамыған елдерде, мысалыға АҚШ, Франция, Ұлыбритания елдерінде адвокаттардың кәсіби біліктілігін жүйелі және тұрақты түрде көтеру міндеті заңмен бекітілген.

Жаңа заңда адвокатураның сапалы құрамын жақсарту мақсатында адвокаттардың біліктілігін көтеру механизмі қарастырлыған, нәтижесінде адвокаттық қызметтің сапасы және бәсекелестік артады.

Адвокаттардың жыл сайын кәсіби біліктілігін көтеру міндетін енгізу бұл тек заң кәсібіне деген қажеттілік емес, бүгінгі жағдайдағы ажырамайтын бөлігі болып табылады.

Сондай-ақ Заңда адвокаттар алқасын басқару органдарының уақытына шектеу қою тәртібі көзделген. Адвокаттар алқасында басшылықтың ауысуы сирек кездеседі. Қазақстандағы адвокаттар алқаларының төрағалары орташа алғанда өз қызметінде 20-25 жылдан бері атқарып келе жатыр. Басқару органдардарында қызметін жалғастыру кәсіби қоғамдағы реттеу тәсіліне жағдай туғызбайды.

Заңда адвокаттық ордерді алып тастау көзделген. Адвокаттық ордерді пайдалану тәжірбиесі тиімсіздігін және ескіргендігін көрсетеді.

Дамыған елдердің құқықтық дәстүрінде ордер ұқсастығы көзделмеген. Адвокаттық ордерді алып тастау адвокатураның қызметін оңтайландырады, оның ішінде адвокаттардың адвокаттық ұйымның басшысына тәуелділігін алып тастайды, адвокаттардың қаржылық және уақыттық шығындарын қысқартады.

Сондай-ақ жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлердің қызметін реттемелеу қарастырылған.

Бүгінде сотта кез-келген жоғарғы білімі бар адам азаматтардың мүддесін білдіреді. Мұндай көмек кей жағдайда сапасыз болып қалады да, соның салдарынан азамат өзінің құқықтарын қорғай алмайды.

Сондықтан заңгерлік көмек алушыларндың мүддесін білдіретін тұлғалар заң консультанттарының  палаталарының құрамында болуы міндетті.

Жеке тәжірбиемен айналысатын заңгерлердің өзін өзі реттеуі заң қызметінің сапасын көтерудің тиімді құралы болып табылады.

Сонымен қатар, адвокаттарды сапасыз заң көмегін көрсеткені үшін жауапкершілікке тарту механизмі қарастырылған.

Қазақстанда адвокаттармен ұсынылатын кәсіби қызметін сапасына тиімді бақылау жасау карастырылмаған.

Соңғы 4 жылдағы адвокаттардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) түскен шағымдар саны 700 ден аса болған болса, оның ішінде көп жағдайда жақсы деңгейдегі заң көмегін қалайтыны көрсетілген.

Адвокаттардың әрекетіне (әрекетсіздігне) түскен шағымдардың көбейуі заң көмегінің көрсету сапасының төмендігін, соның салдарынан төленген гонорарды қайтарып беруі мәселесі көрсетіледі.

Ал қалған арыздар адвокаттардың сотта өзін дұрыс ұстамау, сот  отырысына келмей қалуы, істі созу сияқты және т.б. қатысты түскен.

Адвокаттардың кәсіби және этикалық жүріс тұрысының нормаларын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында тәртіптік өндірісті объективті және жан-жақты қарау үшін тәртіптік комииссияның екі деңгейлі жүйесі қарастырылған. Адвокаттардың тәртіптік комиссиясының құрамына адвокаттар алқасының ұсынымы бойынша бес жылдан кем емес адвокаттық практика өтілі бар 6 адвокат, уәкілетті органның 3 өкілі, отставкадағы 2 судья енгізіледі.

Адвокатурада жаңа технологияларды пайдалану дамымаған, бұл осы заңда шешімін табатын болады.

 

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының

әділет басқармасының басшысы

Ботан Дина Балтабекқызы

«Қазақстан Заңгерлер Одағы»

РҚБ-ң ОҚО филиалының мүшесі.

Осы жылдың басынан бастап мемлекеттік қызметшілерге арналған Әдеп кодексі заңды күшіне еніп, қолданыла басталды. Осы аталған заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерінiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптар жоғарылай бастады. Әдеп кодексі жалпы ережелер, мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық және көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары деп аталған бес бөлімнен тұрады.

Мінез-құлықтың жалпы стандарттарына келетін болсақ мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға, адал, әділ, қарапайым болуға, өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға, жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға, мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға, қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық және тағы да басқа қағидаларын сақтауға тиістілігін бекіткен.

Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.

Осы жаңа заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде басшы лауазымдарды атқаратындар, ұжымда өз діни көзқарасын ашық көрсете алмайды, бағынысты қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлей алмайды.

Қызметтен тыс уақытта мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстанып, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс.

Сонымен қатар басты мәселелердің бірі басшылар қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеуге тиістілігі көрсетілген.

Көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты сыпайы нысанда жүргізуге тиіс. 

Әдеп кодексінің басты міндеті-сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды әзірлеу, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

 

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық

әділет басқармасының бөлім басшысы

Перизат Ермаханқызы

«Қазақстан Заңгерлер Одағы»

РҚБ-ң ОҚО филиалының мүшесі

Страница 1 из 266