Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қала оқушылары арасында алғаш рет дебат өтті.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында ұйымдастырылған пікір сайысында А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының оқушылары үздік өнер көрсетті.
Қалалық бірінші дебат турнирі оқушылардың сыни ойлау дағыдысын дамыту арқылы қоғамда орын алып жатқан құбылыстарға өзіндік баға беруге, айналасындағы адамдармен еркін қарым-қатынас орнатып, жалпы қоғам өміріне белсенділігін арттыруға бағытталған.
Дебатта қалалық білім басқармасына қарасты 7 мектеп қонақ ретінде шақырту алған. Пікірсайыс екі кезеңде өтті. Финалдық кезеңде химия-биология бғытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының оқушылары «Елдің табысты болуы табиғи байлыққа емес, білімдегі бәсекеге байланысты» тақырыбында сөз жарыстырды.
Сайыста әділқазылардың шешімімен А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының оқушылары жеңіске жетіп, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, қатысушы командаларға да сыйлықтар табысталды. Пікірсайыс келесі айда жалғасады. Оған қатысуға қалалық білім басқармасына қарасты мектептер қатысуға өтініш білдіре алады.