Версия для печати

Білім саласындағы сыбайластыққа жол бермеу мәселесі талқыланды

Среда, 27 Май 2020 12:12 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 550 раз
Оцените материал
(0 голосов)

WhatsApp Image 2020-05-27 at 14.53.59

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Sanaly urpaǵ» жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Тоқышевтың қатысуымен «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу механизмдері» тақырыбында вебинар өтті.
Вебинарда университет ректоры Дария Пернешқызы Қайыржан Ахметбекұлына сыбайлас жемқорлыққа қарсы университеттегі жұмыс бағыттарын таныстырып, негізгі миссияның тәрбие, адал, парасатты тұлға қалыптастыру бағытында екенін атап өтті. Мән беретін жағдай, университет «Парасат» орталықтарын ұйымдастыру туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасын алғашқы болып қолдаушылардың бірі болып табылады.
Қайыржан Ахметбекұлы вебинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыру бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасау, студенттік ұйымдарды «Sanaly urpaǵ» аясына біріктіріп, салалық клубтар ретінде жұмыс жасату, «Парасат» орталықтары жұмысы бойынша республика көлемінде тәжірибе алмасу, ISO-37001 стандартын енгізуге дайындық жүргізу, қоғамдық өмірдің барлық саласында ашықтықты қамтамасыз ету мәселелері, сыбайлас жемқорлықты ғылыми тұрғыда зерделеу үшін дипломдық жұмыстар мен магистрлік және докторлық диссертациялар деңгейінде қарастыру, т.б.
Вебинарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Алдын алу басқармасының басшысы Н. Бауыржанұлы, «Шымкент-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж. Сайдуллаұлы, Шымкент қаласының өзге ЖОО өкілдері, М.Әуезов атындағы ОҚМУ Қоғамдық кеңес төрағасы Б.Омарұлы, университет оқытушы-профессорлар құрамыжәне «Sanaly urpaǵ» клубының төрағасы Ә. Дінислам қатысты.
Нариман Бауыржанұлы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, олардың жою бойынша ұсыныстар әзірлеу, тәуекел объектілері бойынша департемент тарапынан жасалып жатқан жұмыстардан хабардар етті.
«Шымкент-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Сайдуллаұлы меморандум аясында университетте «Парасат» басқармасы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі Қоғамдық кеңеспен бірге дипломдық жұмыстардың қорғалу барысын тексеріп, ашықтық пен адалдық принциптерінің сақталуын бақылап отырғанын баяндады.
Вебинар ұйымдастырушысы ретінде «Парасат» басқармасы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының бүгіні мен перспективалық бағыттары туралы ақпараттарды, бейне материалдарды ұсынып, перспективалық бағыттарды атады.

 

Г. ДУЛАТОВА, «Парасат» басқармасының басшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.