Версия для печати

Жағымды жаңалық

Пятница, 09 Январь 2015 04:46 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 4966 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Көз тимесiн, көбейiп келемiз

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, елімізде Жаңа жыл қарсаңында 820 сәби дүниеге келіпті. Жаңа туылған нәрестелер саны жағынан бірінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы тұр. Мұнда жылдың ең соңғы күні 224 бала дүние есігін ашқан. Одан кейінгі орындарда тұрған Алматы облысында – 87, Алматы қаласында - 82, Жамбыл облысында – 71, Шығыс Қазақстан облысында – 67 бала дүниеге келген. Сондай-ақ, 2014 жылы 7 мыңға жуық этникалық қазақтар тарихи отанына оралыпты.

Зейнетақы өстi

Еліміз бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдері 9 пайызға көбейді. «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңда көрсетілгендей, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ең аз зейнетақы мөлшері 23 692 теңге болып белгіленді. Еске сала кетейік, 2014 жылы ең аз зейнетақы көлемі 20 782 теңге болған.
Ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2015 жылғы 1 қаңтардан 11 182 теңгеге дейін ұлғайды. 2014 жылы мемлекеттік базалық зейнетақылық төлем мөлшері 9 983 теңге болған. Бұл зейнетақының ең төменгі мөлшері 34 874 (23 692 + 11 182) теңгеге өскенін білдіреді. Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері де 7 пайызға өсті.

Қаратау аудандық полиция бөлiмi ашылды

Шымкент қалалық ішкі істер басқармасында Қаратау ауданының өз полиция бөлімі ашылды. Салтанатты шараға Шымкент қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Асқар Оспанов, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, департаменттің басқарма және бөлім басшылары қатысты. Құттықтау сөзінде қала басшысы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамындағы полиция қызметкерлерінің жауапкершілігі мол қызметіне сәттілік тіледі.
Полиция бөлімінің ғимаратын жалға алу үшін облыс бюджетінен 28 миллион теңге қаржы бөлінген. Ғимарат іші жиһазбен, заманауи техникамен, ҚР ІІМ-нің барлық мәліметтер қорына қосылған байланыс құралдары және компьютерлермен толықтай жабдықталған. Жаңа полиция бөлімі бағынысына Шымкент қалалық Еңбекші полиция бөлімінен – 14, Әл Фараби полиция бөлімінен – 4 және Абай полиция бөлімінен – 5 учаскелік пункт беріліп отыр. Және облыстық ішкі істер департаментінің ішкі резервінен – 21 автокөлік, ҚР ІІМ резервінен 10 автокөлік бөлінді. Бөлім басшысы қызметін полиция полковнигі Асылхан Сәулеханұлы Қалаубаев атқаратын болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.