Елімізде теңге еркін айырбас бағамына көшірілді. Осы орайда, сауда үйлерінде және қаламыздағы базарларда бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу маңызды.
Шымкент қаласы әкімдігінде өткен жиналыста қала әкімі Ғабидулла Әбдірахымов сауда орындарындағы баға күнделікті бақылауға алынып, негізсіз өсіргендер жауапкершілікке тартылатынын мәлім етті. Әкімдікте негізгі әлеуметтік тауарлар мен қызмет бағасының тұрақтылығын бақылап, мониторинг жүргізетін штаб құрылды.
Өз кезегінде ірі сауда орындарының және тауар өндіруші кәсіп-орындардың басшылары жақын арада тауарлар мен қызметтердің бағасы өспейтініне сендірді.
Ә. ӘБУ