Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде облыстың экономикасына 2 млрд. теңге көлемінде инвестициялар тартылған. Қазіргі таңда, дайын өнімдерді Шығыс Еуропа, АҚШ, Ресей, Кореяға жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Өндіріс орны «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында Елбасының қатысумен өткен телекөпір барысында іске қосылған болатын. Екі ай ішінде компания 200 мың жұп шұлық бұйымдарын шығарған. Jintex Global корейлік компаниясымен бірлесе жүзеге асырылған бұл жобаны, аталған компания сүйемелдеп, дайын тауарды тұтынушыға жеткізуге мүдделі. Кәсіпорын толық жобалық қуаттылғына шыққан сәттен бастап 400 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.